Alma-City » 2025 жылдың 3 тоқсанында Ozon Қазақстан айналымы 40%-ға жуық өсті
Реклама

2025 жылдың 3 тоқсанында Ozon Қазақстан айналымы 40%-ға жуық өсті

2025 жылдың 3 тоқсанында Ozon Қазақстан айналымы 40%-ға жуық өсті

2025 жылдың үшінші тоқсанында Ozon компаниясының табысы жылына 59%-ға өсіп, 1,43 трлн теңгеге жетті. Ал қызметтерді қоса есептегендегі жалпы айналымы (GMV) 53%-ға ұлғайып, 7,33 трлн теңгені құрады. Қазақстандағы маркетплейс айналымы да өсім көрсетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шамамен 40%-ға артты.

Ozon платформасындағы белсенді сатып алушылар саны жылына 18%-ға көбейіп, 63 миллион пайдаланушыға жетті. Қазақстанда бұл көрсеткіш жылдық есеппен 30%-дан астам өсті. Клиенттердің сенімділігі де артып келеді: әрбір сатып алушы жылына орта есеппен 34 тапсырыс береді — бұл өткен жылмен салыстырғанда 9 тапсырысқа көп. Нәтижесінде 2025 жылдың үшінші тоқсанында компания 667,8 миллион тапсырысты жеткізді (жылына +80%). Қазақстандағы тапсырыстар көлемі 1,5 еседен астам одан да жоғары қарқынмен ұлғайды.

Компания аймақтарға баса назар аудара отырып, логистикалық инфрақұрылымды кеңейтуде. 2025 жылдың үшінші тоқсанында компанияның қойма алаңы 4 млн шаршы метрге жетіп, тапсырыс беру пункттерінің саны 78 мыңнан асты. Оның 45%-ы 50 мыңнан аз тұрғыны бар қалалар мен ауылдарда орналасқан. Нәтижесінде 2025 жылдың үшінші тоқсанында компания әрбір 10 тапсырыстың 4-ін шағын қалалар мен ауылдарға жеткізген.

Компанияның Қазақстан Республикасындағы логистикалық қуаттылығы Алматыдағы фулфилмент және сұрыптау орталықтары, Астанадағы фулфилмент және сұрыптау орталықтары, сондай-ақ Қостанай, Ақтөбе, Атырау, Шымкент және Өскемен қалаларындағы бес сұрыптау орталығын құрайды.

Барлық қаржылық көрсеткіштер рубльден теңгеге 2025 жылдың үшінші тоқсанының орташа бағамы бойынша аударылған.


 Ozon — кең ассортиментті өнімдері бар және дамыған логистикалық желісі бар  мультисанатты маркетплейс. Компания Қазақстан, Армения, Беларусь, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Грузия, Қытай және Түркия елдерінде өз қызметін жүргізеді. Сауда алаңыда кітаптар мен киімнен бастап азық-түлік пен денсаулыққа арналған өнімдерге дейін 20-дан астам санатта 370 миллионнан астам тауар атауы ұсынылған. 63 миллион белсенді сатып алушы Ozon-ның тиімді логистикалық инфрақұрылымының арқасында тапсырыстарын дер кезінде алады, ал 600 мыңнан астам кәсіпкер өз тауарларын Ресей мен ТМД елдерінде сату мүмкіндігіне ие.

 


Поставьте лайк публикации или поделитесь ею в социальных сетях!
Реклама

Заметили ошЫбку или мертвую/неактивную ссылку?

Выделите проблемный фрагмент мышкой и нажмите CTRL+ENTER. В появившемся окне опишите проблему и отправьте уведомление Администрации ресурса.

Похожие статьи

Комментарии (0)

Оставить комментарий

Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.