Alma-City » Смартфоны и гаджеты » «Касперский зертханасы» Оңтүстік-Шығыс Азиядағы қызметін күшейтуде
Реклама

«Касперский зертханасы» Оңтүстік-Шығыс Азиядағы қызметін күшейтуде

«Касперский зертханасы» Оңтүстік-Шығыс Азиядағы қызметін күшейтуде

«Касперский зертханасы» Оңтүстік-Шығыс Азиядағы қызметін кеңейтіп жатыр — компания жаңа аймақтық директор тағайындап, сондай-ақ Вьетнамда кеңсе ашу арқылы бұл елдегі жұмысын жаңа деңгейге көтерді. Бұл қадамдар – жылдам дамып жатқан нарықтарда өсуді көздейтін стратегияның бір бөлігі.

Оңтүстік-Шығыс Азиядағы «Касперский зертханасының» жаңа бас директоры болып Саймон Тунг (Simon Tung) тағайындалды. Ол бұл қызметте компанияның өсімін жеделдетуге, серіктестік қатынастарды дамытуға және инновациялық шешімдерді ілгерілетуге назар аударады.

Вьетнамдағы жаңа кеңсе – Сингапур мен Малайзиядан кейінгі компанияның Оңтүстік-Шығыс Азиядағы үшінші бизнес-өкілдігі. Оның ашылуымен компания тек Вьетнамдағы (вендор өнімдері бұл елде 2008 жылдан бері ұсынылады) емес, бүкіл өңірдегі позициясын нығайтуды жоспарлап отыр. Жаңа құрылымдық бөлімше үйлестіру орталығы ретінде қызмет етіп, жергілікті ұйымдардың киберқауіпсіздікке қатысты қажеттіліктерін жедел анықтауға және тиісті қорғаныс ұсынуға мүмкіндік береді.

Бұл стратегиялық жаңартулар бизнесті аймақтық кеңейтуді ғана емес, корпоративтік сектор, мемлекеттік органдар және ғылыми-зерттеу ұйымдарымен байланыстарды күшейтуді де көздейді. Сонымен қатар «Касперский зертханасы» технологиялық серіктестермен тығыз жұмыс істеп, олардың мамандарының ақпараттық қауіпсіздік саласындағы біліктілігін арттыра алады.

«Оңтүстік-Шығыс Азияда цифрландыру үдерісі қарқын алып келеді, сонымен бірге күрделі кибершабуылдар саны да өсуде. Сондықтан технологияларға деген сенімді арттыру және қауіпсіздікті күшейту бағытындағы жұмыс тұрақты жүргізілуі тиіс. “Касперский  зертханасы” киберқауіптерді талдауда бірегей жаһандық тәжірибеге және кешенді қорғаныс шешімдеріне ие. Жиналған тәжірибеге сүйене отырып, біз компанияның өңірдегі позициясын нығайтып, қарқынды дамып жатқан нарықтың барлық сұраныстарына жауап беретін боламыз», — деді Саймон Тунг, «Касперский зертханасының» Оңтүстік-Шығыс Азиядағы бас директоры.

Қазіргі уақытта «Касперский зертханасы» әлемнің 200-ден астам елінде жұмыс істейді және 30-дан астам өкілдікке ие. 2024 жылдың ішінде компанияның шешімдері 95 тәуелсіз қорғаныс технологияларын тестілеудің нәтижесінде 92 рет үздік үштікке енді , оның ішінде 91 рет бірінші орыннан көрінді.

Поставьте лайк публикации или поделитесь ею в социальных сетях!
Реклама

Заметили ошЫбку или мертвую/неактивную ссылку?

Выделите проблемный фрагмент мышкой и нажмите CTRL+ENTER. В появившемся окне опишите проблему и отправьте уведомление Администрации ресурса.

Похожие статьи

Комментарии (0)

Оставить комментарий

Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.