Алматы, 28 желтоқсан - Жаңа жыл қарсаңында Glovo мерекелік шеру ұйымдастырды. Арбат жаяу жүргіншілер көшесінде қала тұрғындары мен қонақтарын күтпеген тосынсый қарсы алды: жеткізу сервисінің курьерлері Санта бейнесінде - қызыл костюм киіп, Glovo-ның фирмалық сөмкелерімен шықты.
Курьерлер өтіп бара жатқан адамдарды алдағы мерекемен құттықтап, балалармен тілдесіп, бірге суретке түсіп, жаңа жылдық көңіл күй сыйлады. Акция бірден көпшіліктің назарын аударып, Санта-курьерлердің айналасына ондаған адам жиналды. Балалар қуана сәлемдесіп, ал ересектер болып жатқан сәттерді телефонға түсіріп жатты.
Акциядан түсірілген бейне мен фотосуреттер сол күні әлеуметтік желілерде белсенді түрде тарала бастады. Қолданушылар жылулық пен шынайы атмосфераны атап өтіп, мұндай қарапайым, бірақ жүрекке жақын қадамдардың мереке қарсаңында ерекше құнды екенін жазды.
«Осындай ұсақ-түйек нәрселер көңіл күйді көтереді», - деп пікір қалдырды желі қолданушылары.
«Арбатта Сантаға тап боламыз деп ойламадық, оның үстіне курьер форматында — өте сүйкімді», - деп әсерлерімен бөлісті қала тұрғындары.
Куәгерлердің айтуынша, акция жексенбі күні, 28 желтоқсанда өтіп, кездейсоқ өтіп бара жатқан адамдарға, балаларымен серуендеп жүрген отбасыларға және қала қонақтарына Жаңа жылдың жақындағанын еске салған жағымды сәтке айналды.
Бұл жаңа жылдық белсенділік Glovo компаниясының қалалық кеңістікте позитивті эмоциялар мен жылы атмосфера қалыптастыруға бағытталған мерекелік бастамаларының бір бөлігі болды.
