Alma-City » Новости Казахстана » Айнұр Ілиясованың жаңа фильмі жүйелі қызыл жегі диагнозы қойылған қазақстандық әйелдердің оқиғасын баяндайды

Айнұр Ілиясованың жаңа фильмі жүйелі қызыл жегі диагнозы қойылған қазақстандық әйелдердің оқиғасын баяндайды

Айнұр Ілиясованың жаңа фильмі жүйелі қызыл жегі диагнозы қойылған қазақстандық әйелдердің оқиғасын баяндайды

24 маусым 2026 жыл.  Қазақстанда жүйелі қызыл жегімен (ЖҚЖ) өмір сүретін жандардың  өмірі жайлы деректі фильмнің тұсаукесері өтті. ЖҚЖ – адамның иммундық жүйесі қателіктен өз ағзасының сау тіндеріне шабуыл жасап, өмірлік маңызы бар мүшелерін зақымдайтын ауру. Фильм әйгілі актриса және продюсер Айнұр Ильясованың «Мамский әңгіме» YouTube-арнасында жарық көрді және «АстраЗенека» Қазақстан халықаралық биофармацевтикалық компаниясының қолдауымен іске асырылды.

 

Жүйелі қызыл жегінің қаупі – оның белгілері көптеген басқа аурулардың тасасына шебер жасырынады, сондықтан да оны «мың жүзді дерт» деп атайды. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бүгінде Қазақстанда бұл диагнозбен 6 мыңнан астам адам өмір сүріп жатыр және олардың 90%-дан астамы – 14 пен 45 аралығындағы, яғни фертильді жастағы әйелдер. Елімізде жыл сайын 1 000-нан астам жаңа жағдай тіркеледі, өкінішке қарай, пациенттердің бір ширегіне жуығы кейіннен мүгедек деп танылады.

 

Деректі лентаның ортасында бір ортақ дертке төрт әйелдің шынайы көзқарасы орын алған. Lupus Kazakhstan пациенттер қоғамдастығының көшбасшысы Жанна Базарова, қордың тәжірибелі психологы Раушан Молдабекова, қор мүшесі Индира Рақымжанова, сондай-ақ олардың емдеуші дәрігері, жоғары санаттағы ревматолог Жазира Есенгелдіқызы Омарбекова өз оқиғалары мен ойларымен бөлісті.

 

«Менің ойымша, бұл фильм жүйелі қызыл жегімен өмір сүретін адамдардың күші жайында. Біз бұл ауру туралы ғана айтып қоймай, сонымен қатар әрбір диагноздың артында батылдық, үміт және өмірге деген құштарлық хикаясы жатқанын көрсеткіміз келді», - дейді актриса және продюсер Айнұр Ильсова.

 

Бас кейіпкерлердің жеке оқиғалары арқылы фильм көрерменді бей-жай қалдырмайтын бірнеше өзекті әлеуметтік мәселелерді қозғайды.Туынды ресми диагноз қойылуынан қорыққан әйелдердің бақсы-балгерлерге жүгінуге мәжбүр болатынын және өз денсаулығымен қауіпті тәжірибелерге барып, бағалы уақытты жоғалтатынын көрсетеді.

 

ЖҚЖ ағымы үнемі шаршаумен және күштің жетіспеушілігімен қатар жүреді, алайда аурудың сыртқы белгілері көбіне айналадағыларға байқала бермейді. Жақындарының түсініспеушілігіне ұшыраудан қорыққан кейбір әйелдер өз диагнозын жасыруға барады, өз ахуалына қарамастан, ауырсынуды еңсеріп, күлімсіреп жүруге және жақындарының үмітін ақтауға тырысады. Фильмде көтерілетін маңызды ой: жақын адамыңның ауырсынуын қалай байқап үйренуге болады, науқастар үшін отбасылық қолдау неліктен өте маңызды және олардың мәжбүрлі үнсіздігінің бағасы қандай?

 

Жанна Базарова, Lupus Kazakhstan қорының негізін қалаушы: «Бұл фильм өте шынайы шықты. Мен үшін аса маңыздысы, онда жүйелі қызыл жегінің медициналық аспектілері ғана емес, сонымен қатар адами оқиғалар – қорқыныш, диагнозды қабылдау, жақындарыңның қолдауы және аурумен күнделікті күрес көрсетіледі. Бұл фильм ауру туралы стереотиптерді бұзуға, ЖҚЖ-мен ауыратын мыңдаған адамдардың мәселелеріне назар аударуға және қазіргі уақытта осындай сынақтардан өтіп жатқандарға үміт отын сыйлайды деп ойлаймын».

Фильмде ана болу тақырыбына ерекше орын берілген: бұл – үлкен тәуекелдер, бастан кешірілген сынақтар және ең ауыр сәттерде жақындарының қолдауы қандай рөл атқаратыны туралы ашық әңгіме. Дәл осы қолдау тіпті ең қиын жағдайдың өзінде күш-қуат пен үмітті сақтап қалуға мүмкіндік береді.

 

Алайда, фильм науқастардың кездесетін қиындықтарымен ғана шектелмейді. Ол адамдардың бойындағы төзімділік пен сенімді көрсете отырып, жақсылықтан үміт үзбеуге шақырады. Көрермен мұнда ревматолог дәрігердің пациенттер үшін нағыз серіктеске айналғанын көре алады. Бұл туынды емделу процесі – пациент, дәрігер және оның жақындары бірге өтетін ортақ жол екенін және мұндай күрделі диагноздың өзінде қалыпты өмір сүруге, жоспар құруға әрі болашаққа сеніммен қарауға болатынын дәлелдейді.

 

Бұл фильм диагноздар емес, адамдар туралы. Ол адамды бейжай қалдырмайды, қоғамдағы стереотиптерді бұзады және әрбір көрерменді қасындағы жақындарына дер кезінде көңіл бөлуге шақырады.

 

Деректі фильмді «Айнур Ильясова | Мамский әңгіме» YouTube-арнасынан көруге болады

 


Поставьте лайк публикации или поделитесь ею в социальных сетях!

Заметили ошЫбку или мертвую/неактивную ссылку?

Выделите проблемный фрагмент мышкой и нажмите CTRL+ENTER. В появившемся окне опишите проблему и отправьте уведомление Администрации ресурса.

Похожие статьи

Комментарии (0)

Оставить комментарий