Alma-City » Технологиялар әуе көлігі саласына жылына 10 миллиард жолаушыны тасымалдауға дайындалуға қалай көмектеседі

Технологиялар әуе көлігі саласына жылына 10 миллиард жолаушыны тасымалдауға дайындалуға қалай көмектеседі

Технологиялар әуе көлігі саласына жылына 10 миллиард жолаушыны тасымалдауға дайындалуға қалай көмектеседі

Шекарадан 10 секундта өту. Қолайсыз ауа райынан болатын рейс кешігулерінің 65%-ға қысқаруы. Біржола жоғалған жүк жағдайларының 90%-ға азаюы. Жасанды интеллект әуе көлігі саласының тиімділігін арттыруға ықпал етуде: SITA Impact Report 2025 технологиялардың әуе көлігі саласына өсіп келе жатқан жолаушылар ағынына дайындалуға қалай көмектесіп жатқанын көрсетеді.

Алдағы бір ұрпақтың өмірінде әуе көлігі саласы жолаушылар тасымалының көлемін екі есеге арттыруға дайындалуда. Алайда бұл үшін әуежайлардың, әуе кемелерінің немесе шекаралық бақылау қызметкерлерінің санын екі еселеудің қажеті жоқ. SITA Impact Report 2025 есебі бұл міндетті шешуде жаңа инфрақұрылым салудан гөрі бағдарламалық шешімдердің рөлі барған сайын маңызды болып келе жатқанын көрсетеді.

IATA болжамына сәйкес, алдағы 20–25 жылда әлемдік жолаушылар ағыны жылына 8 миллиард адамға жетіп, 2050 жылға қарай 10 миллиардқа жуықтайды. Әлемнің әр түкпіріндегі әуе компанияларымен, әуежайлармен, мемлекеттік органдармен және сала серіктестерімен бірлескен тәжірибеге негізделген SITA Impact Report 2025 технологиялардың өткізу қабілетін арттырудың, саланың түрлі күтпеген жағдайларға төзімділігін күшейтудің және авиацияның қоршаған ортаға әсерін азайтудың негізгі құралына айналып келе жатқанын көрсетеді.


«2050 жылға қарай әлемде жыл сайынғы жолаушылар тасымалының көлемі 10 миллиард адамға жуықтайды. Сондықтан саланың алдында маңызды сұрақ туындайды: инфрақұрылымды екі еселемей-ақ екі есе көп жолаушыға қалай қызмет көрсетуге болады? SITA Impact Report 2025 бұл өзгерістің қазірдің өзінде басталғанын көрсетеді. Әуежайлар қолданыстағы инфрақұрылымды тиімді пайдалану арқылы өткізу қабілетін арттырып, жаңа нысандар салуға кететін уақыт пен шығынды қысқартып келеді. Мемлекеттік органдар жолаушылар шекаралық бақылау пунктіне жеткенге дейін қажетті тексерулерді жүргізіп келеді. Жасанды интеллект пилоттық жобалар аясынан шығып, күнделікті операциялық жұмыстың ажырамас бөлігіне айналуда. Бұл – бір ғана компанияның жетістігі емес, әуе компаниялары, әуежайлар, мемлекеттік органдар мен сала серіктестері бірлесіп жүзеге асырып жатқан технологиялық трансформацияның нәтижесі. Олар бірге әуе көлігінің болашағын қалыптастырып келеді», – деді SITA компаниясының бас директоры Дэвид Лаворель.


Шекаралық бақылау саласында ең елеулі өзгерістердің бірі байқалуда. Арубада алдын ала тексеруден өткен жолаушылар елге келгеннен кейін шекаралық бақылаудан небәрі 8 секундта өте алады. Бұл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 78%-ға жылдам және оған Digital Travel Credentials (цифрлық жол жүру деректері) мен биометриялық сәйкестендіру технологияларының арқасында қол жеткізілді.

Алайда өзгерістер жолаушыларға көрінетін үдерістермен ғана шектелмейді. Бүгінде жыл сайын 271 миллионнан астам жолаушы межелі еліне жеткенге дейін SITA технологияларының көмегімен алдын ала тәуекелді бағалау рәсімінен өтеді. Көп жағдайда мұндай тексеру төрт секундтан аз уақыт ішінде аяқталады.

Жасанды интеллект пилоттық жобалар аясынан шығып, күнделікті операциялық жұмыстың ажырамас бөлігіне айналуда. SITA OptiFlight шешімі машиналық оқыту мен цифрлық егіздер технологиясын пайдалана отырып, ұшқыштарға отын шығынын барынша азайтатын оңтайлы ұшу бейіндерін ұсынады. 2025 жылы 59 әуе компаниясы 2,9 миллион рейс барысында SITA OptiFlight ұсынымдарын пайдаланды. Соның нәтижесінде 127 732 тонна отын үнемделіп, атмосфераға шығарылатын CO₂ көлемі 403 633 тоннаға қысқарды.

Торонто Пирсон және Әбу-Даби әуежайларында жасанды интеллект негізіндегі Total Airport Management құралдары әуе кемелеріне жерде қызмет көрсету уақытын қысқартып, олардың айналымын жеделдетуге және әуежайлардың жалпы жұмыс тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Thai Airways әуе компаниясында жасанды интеллект негізіндегі SITA WorldTracer® Auto Reflight шешімі тағайындалған орнына жетпеген жүкті автоматты түрде келесі қолайлы рейске қайта бағыттайды, соның арқасында мұндай жағдайларды өңдеу уақыты үш минуттан бір секундқа дейін қысқарды.

Өткізу қабілетін арттыруға мүмкіндік беретін технологиялар әуе көлігі жүйесінің түрлі күтпеген жағдайларға төзімділігін де күшейтіп келеді.

2025 жылы Францияның Реймс қаласындағы Әуе қозғалысын басқару орталығында іске асырылған пилоттық жоба аясында француздың аэронавигациялық қызмет көрсету провайдері DSNA әуе диспетчерлеріне ұшқыштар мен әуе компанияларының диспетчерлері бұрыннан пайдаланып жүрген нақты уақыт режиміндегі бірыңғай метеорологиялық ақпаратқа қол жеткізуге мүмкіндік берді. Соның нәтижесінде қолайсыз ауа райынан болатын рейс кешігулері 65%-ға дейін қысқарып, күрделі метеорологиялық жағдайларда 21 күн ішінде 105 000 минутқа дейінгі кешігудің алдын алуға мүмкіндік туды.

Өткен жылы CrowdStrike компаниясына қатысты орын алған жаһандық жүйелік ақау кезінде SITA Maestro DCS жүйесінің арқасында 460-тан астам рейс қалыпты режимде орындала берді.

2025 жылғы қажылық маусымы кезінде SITA компаниясының тәулік бойы көрсеткен операциялық қолдауы және оқиғаларды автоматтандырылған басқару жүйесі әуе компаниялары мен әуежайлардың ақпараттық жүйелерінің үздіксіз әрі елеулі іркілістерсіз жұмыс істеуін қамтамасыз етті.

Осындай өзгерістер жолаушыларға қызмет көрсетудің басқа кезеңдерінде де байқалады. SITA компаниясының Apple компаниясымен серіктестігіне кейіннен Google да қосылып, әуе компанияларына жүктің біржола жоғалу жағдайларын айтарлықтай азайтуға мүмкіндік берді.

Apple AirTag құрылғысымен жабдықталған жүк бойынша SITA WorldTracer® жүйесі арқылы орналасқан жері туралы деректерді пайдалану нәтижесінде жүктің біржола жоғалу көрсеткіші 90%-ға төмендеді.

Еуропада алғашқы кезеңде жылына 19 миллионға дейін жолаушыға қызмет көрсетуге қауқарлы Франкфурт әуежайының жаңа 3-терминалы SITA және CCM компаниялары бірлесіп әзірлеген Common Use цифрлық тұжырымдамасы негізінде салынды.

Клиенттермен қалыптасқан ұзақ мерзімді әріптестік компанияның қаржылық нәтижелерінен де көрініс тапты. 2025 жылы SITA компаниясының кірісі 7%-ға өсіп, 1,71 миллиард АҚШ долларына жетті. Бұл компания кірісінің қатарынан төртінші жыл 7–8% деңгейінде өсіп отырғанын көрсетеді. Бұған ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға тұрақты инвестиция салу, әуежай интерьерлерін жобалауға маманданған CCM компаниясын стратегиялық сатып алу, сондай-ақ SITA Labs аясында 30-дан астам клиентпен жүзеге асырылған көп миллиондық бірлескен инновациялық жобалар ықпал етті.

Тұрақты даму стратегиясы аясында SITA компаниясы 2025 жылы парниктік газдар шығарындыларын өткен жылмен салыстырғанда 1,3%-ға қысқартып, 2019 жылғы базалық деңгеймен салыстырғанда жалпы қысқарту көрсеткішін 32%-ға жеткізді. Қазіргі таңда SITA компаниясының әлемдегі кеңселерінде тұтынылатын электр энергиясының 90%-ы жаңартылатын энергия көздерінен алынады.

SITA Impact Report 2025 есебінің толық нұсқасымен мына сілтеме арқылы танысуға болады: https://www.sita.aero/resources/surveys-reports/impact-report-2025/

SITA туралы

SITA — әуе көлігі саласына арналған жаһандық технологиялық компания. Ол сапарларды барша үшін қауіпсіздеу, ыңғайлырақ әрі орнықты етуге көмектеседі. Коммерциялық авиацияның алғашқы күндерінен бастап бүгінгі цифрлық кезеңге дейін SITA саланың барлық қатысушыларын байланыстырып, оның дамуына әр жаңа белесте қолдау көрсетіп келеді. 

Толығырақ: www.sita.aero.


Поставьте лайк публикации или поделитесь ею в социальных сетях!

Заметили ошЫбку или мертвую/неактивную ссылку?

Выделите проблемный фрагмент мышкой и нажмите CTRL+ENTER. В появившемся окне опишите проблему и отправьте уведомление Администрации ресурса.

Похожие статьи

Комментарии (0)

Оставить комментарий

Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.