2026 жылғы 14 шілде, Астана қаласы. Қазақстанда алғаш рет жұмыс берушілерге арналған Paryz Bridge тәуелсіз зерттеуінің нәтижелері жарияланып, оның қорытындысы бойынша экономиканың сегіз саласындағы үздік жұмыс берушілер анықталды. «Ақпарат және байланыс» саласында Beeline Қазақстан үздік жұмыс беруші атанды.
Зерттеу нәтижелері адам капиталын дамыту мәселелеріне арналған Қазақстан мен Орталық Азиядағы ең ірі алаңдардың бірі – Human Capital Forum 2026 форумында таныстырылды. Қазақстанның HR-менеджерлері қауымдастығы мен «Paryz» жұмыс берушілер конфедерациясы бірлесіп жүргізген зерттеу экономиканың сегіз саласын қамтып, 100-ден астам компания мен 150 мың қызметкерді зерттеуге енгізді. Бұл зерттеуде жұмыс берушілер алғаш рет компаниялардың өзін-өзі бағалауы негізінде емес, қызметкерлердің пікірі, HR-тәжірибелерінің тиімділігі және жұмыс берушінің беделі сияқты көрсеткіштерді қамтитын кешенді деректер талдауы негізінде бағаланды.
Зерттеу қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан салалық рейтингте бірінші орынға шығып, елдегі ең үздік жұмыс берушілердің бірі мәртебесін тағы бір мәрте растады.
Мұндай жоғары баға компанияның корпоративтік мәдениетті дамыту, жайлы жұмыс ортасын қалыптастыру және қызметкерлердің кәсіби өсуіне мүмкіндік жасау бағытындағы жүйелі жұмысының нәтижесі болды. Beeline Қазақстан компаниясында көшбасшылық қасиеттерді дамыту, қызметкерлердің компания ішінде дамуына мүмкіндік жасау, оқыту және әрбір қызметкердің өз әлеуетін толық жүзеге асыруына жағдай жасауға ерекше көңіл бөлінеді.
Зерттеу нәтижелері бұл тәсілдің тиімділігін растады. Компанияның HR-тәжірибелерінің жетілу индексі 85%-ды құрап, нарықтағы орташа көрсеткіштен 15 пайыздық тармаққа жоғары болды. Ішкі коммуникациялар мен HR-қызметінің жұмыс тиімділігі ең жоғары – 100% бағасына ие болды. Сонымен қатар қызметкерлердің қанағаттану деңгейі мен жұмыс беруші туралы пікірін көрсететін Employee Perception Index (EPI) 93%-ға жетіп, зерттеуге қатысқан барлық компаниялар арасындағы ең үздік нәтиже болды.
«Тәуелсіз зерттеу қорытындысы бойынша өз саламыздағы ең үздік жұмыс беруші атану – ең алдымен, біздің командамыздың еңбегіне берілген жоғары баға. Біз үшін адамдардың кәсіби өсіп, жаңа білім алып, өз идеяларын жүзеге асырып, болашағына сеніммен қарай алатын орта қалыптастыру маңызды. Әрбір қызметкер қолдауды сезініп, өз әлеуетін толық ашып, өзінің үлесі компанияның болашағына нақты әсер ететінін түсінуі үшін бар күшімізді саламыз. Сондықтан қызметкерлердің дамуына қолдау көрсету – біздің басты басымдықтарымыздың бірі», – деді Beeline Қазақстан компаниясының Адам ресурстары және бизнесті қолдау жөніндегі директоры Жарқын Бекжанов.
Жұмыс берушілердің алғашқы тәуелсіз рейтингінде бірінші орын алу компаниядағы HR-тәжірибелердің жоғары деңгейін тағы бір мәрте растады. Beeline Қазақстан 2025 жылы халықаралық Top Employer сертификатын алып, 2026 жылы бұл мәртебесін қайта растады. Бұл сертификатты әлем бойынша жұмыс берушілерді 30 жылдан астам уақыт бойы бағалап, персоналды басқарудың үздік халықаралық стандарттарына сай келетін компанияларды мойындайтын Top Employers Institute халықаралық ұйымы береді. Халықаралық мойындау мен ұлттық зерттеудегі көшбасшылық Beeline Қазақстан компаниясының адамдармен жұмыс істеудің озық тәжірибелерін жүйелі түрде дамытып, қызметкерлердің ұзақ мерзімді мансап құруына қолайлы орта қалыптастырып отырғанын көрсетеді.
Human Capital Forum 2026 аясында еңбек нарығының болашағы, адам капиталын дамыту және көшбасшылықтың заманауи тәсілдері тақырыптарына арналған салалық пікірталастар да өтті. Форумның маңызды оқиғаларының бірі Paryz Bridge зерттеуінің қорытындысы бойынша Қазақстанның үздік жұмыс берушілерін марапаттау рәсімі болды.
Beeline Қазақстан үшін бұл марапат – жай ғана маңызды жетістік емес, сонымен қатар адамдарға, таланттарды дамытуға және мықты корпоративтік мәдениетке басымдық беру компанияның тұрақты дамуы мен үздік жұмыс беруші ретіндегі табысының берік негізі екенін дәлелдейтін маңызды көрсеткіш.