Alma-City » Новости Казахстана » Almaty Museum of Arts пен Visa өнерді көпшілікке қолжетімді ету жолында серіктестік орнатты

Almaty Museum of Arts пен Visa өнерді көпшілікке қолжетімді ету жолында серіктестік орнатты

Almaty Museum of Arts пен Visa өнерді көпшілікке қолжетімді ету жолында серіктестік орнатты

Almaty Museum of Arts пен сандық төлемдер саласындағы жаһандық көшбасшы Visa компаниясы заманауи өнерді қалың жұртқа қолжетімді етуге әрі Алматы тұрғындары мен қала қонақтары үшін қолайлы мәдени орта қалыптастыруға бағытталған бірлескен бағдарламаның іске қосылғанын жариялады.

Орталық Азиядағы ең ірі заманауи өнер музейі мен сандық төлемдер индустриясындағы жаһандық көшбасшы Visa компаниясының серіктестігі мәдени іс-шараларды көпшілік үшін бұрынғыдан да ашық әрі қолжетімді ете түседі. Осы ынтымақтастық аясында серіктестер Visa картасы иелерінің бәріне бірдей музейде өтетін көрме және ағартушылық жобаларға жеңілдікпен қатысуға мүмкіндік беретін арнайы ұсыныс әзірледі.

Бағдарлама аясында әлемнің кез келген банкінде шығарылған Visa картасының иелері музейге кіру билеттерін 10% жеңілдікпен сатып ала алады. Бұған қоса музейдің ресми дүкенінен   15000 теңгеден жоғары сомаға сауда жасағанда да 10% жеңілдік беріледі.

ALMA мен Visa-ның серіктестігі өнерге деген қызығушылықты арттыруға және күнделікті өмірге ыңғайлы, заманауи шешімдерді кеңінен енгізуге деген ортақ ұстанымға негізделген. Бірлескен бастама қарапайым әрі тиімді төлем құралдарының көмегімен қала тұрғындарын мәдени іс-шараларға белсенді қатысуға ынталандыруды көздейді.

«Қазір мәдениет, өнер және туризм заманауи экономиканың маңызды құрамдас бөлігіне айналып, қалалардың өмір сүру, саяхаттау мен инвестиция тартуға қаншалықты қолайлы екенін айқындайтын негізгі факторлардың бірі болып отыр. Сондықтан Visa өнер мен мәдениетті күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналдыруға бағытталған бастамаларды қолдайды. Қазақстанда мұндай серіктестікті Almaty Museum of Arts-пен бастағанымызға қуаныштымыз. Бұл – Алматының маңызды мәдени орталықтарының біріне айналып келе жатқан жаңа кеңістік. Музей Орталық Азиядағы заманауи өнердің жетекші орталықтарының бірі болуды мақсат етеді. Осы жоба арқылы Visa картасының иелері төлемді өзіне ыңғайлы жолмен жасап қана қоймай, өнердің жаңа қырларын танып, өздеріне беріліп отырған қосымша артықшылықтарға да ие болады деп сенеміз», – деді Visa компаниясының Қазақстан және Орталық Азия бойынша вице-президенті, өңір бойынша менеджері Санжар Сүлейманов.

«Almaty Museum of Arts үшін әлемнің жетекші және қазақстандық заманауи суретшілерінің туындыларын мүмкіндігінше көп адамның өз көзімен көруі маңызды. Visa компаниясымен қолға алынған бірлескен бағдарлама – осы мақсатқа бастар нақты қадам. Біз әрбір келуші үшін жайлы орта қалыптастырып, көрмелерді тамашалау мен музей дүкенінен сауда жасауды бұрынғыдан да қолжетімді етуге күш салып келеміз», – деді Almaty Museum of Arts музейінің директоры Татьяна Ходжаева.

Арнайы ұсыныс күшіне енді. Жеңілдік әлемнің кез келген банкінде шығарылған Visa картасымен музей кассасында және ресми дүкенінде төлем жасағанда, сондай-ақ Almaty Museum of Arts-тың ресми сайтындағы Halyk төлем жүйесі арқылы билеттерді онлайн сатып алғанда беріледі. Ол музейдегі барлық экспозицияларға, оның ішінде осы маусымның ең маңызды халықаралық көрмелеріне де жарамды.


Поставьте лайк публикации или поделитесь ею в социальных сетях!

Заметили ошЫбку или мертвую/неактивную ссылку?

Выделите проблемный фрагмент мышкой и нажмите CTRL+ENTER. В появившемся окне опишите проблему и отправьте уведомление Администрации ресурса.

Похожие статьи

Комментарии (0)

Оставить комментарий