Адам факторы – жолдағы негізгі қауіптердің бірі
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің мәліметінше, жол-көлік оқиғаларының 91%-ы жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу салдарынан болады. inDrive статистикасы бойынша, қалааралық бағыттардағы жол-көлік оқиғаларының негізгі себептерінің қатарында жылдамдықты арттыру, көлікті басқаруды жоғалту, арақашықтықты сақтамау және қауіпті маневрлер жасау жиі кездеседі.
Ұзақ сапар кезінде бұл факторларға шаршау мен көз ілініп кету (микросон) да қосылады. Зейін аз-аздап төмендеуі мүмкін, сондықтан жүргізуші қозғалысты әрі қарай жалғастырудың қауіпті болып бара жатқанын әрдайым дер кезінде байқай бермейді.
Сондықтан қауіпсіздік мәселесі жүргізушінің өзін-өзі бақылауымен ғана шектелмеуі тиіс. Сонымен бірге жүргізушінің жолдағы әрекеттерін сырттай үздіксіз бақылауға мүмкіндік беретін технологияларды пайдалану да маңызды.
Қауіпсіздік рөлдегі шешімдерден басталады
Оқыту барысында жүргізушілер өздері қабылдайтын шешімдеріне тікелей байланысты жағдайларды талқылады. Атап айтқанда, қауіпсіз жылдамдық пен арақашықтықты таңдау, қозғалыс кезінде телефонды пайдалану, шаршау мен ұйқының қанбауының әсері мен белгілері, сондай-ақ ұзақ сапарлар кезінде үзіліс жасаудың маңыздылығы қарастырылды. Сонымен қатар сапардан бас тарту немесе оны тоқтату қауіпсіз болатын жағдайлар жеке талқыланды.
Бұдан бөлек, оқыту аясында қақтығысты жағдайлар, жолаушылармен дұрыс қарым-қатынас жасау және жеке шекараларды сақтау мәселелеріне де назар аударылды. Жүргізушілер даулы жағдайда эмоционалдық шиеленісті қалай төмендетуге болатынын және жолаушылар тарапынан агрессия байқалған жағдайда қалай әрекет ету керектігін сараптады. Сондай-ақ inDrive өкілдері қауіп төнген жағдайда қосымшада SOS батырмасы және тәулік бойы жұмыс істейтін қолдау қызметіне жүгіну мүмкіндігі бар екенін еске салды.
Қауіпсіздік – бір ғана функция емес
Оқыту бағдарламасы inDrive сапар басталғанға дейін және сапар барысында қолданатын технологиялық қауіпсіздік құралдарын толықтырады. Олардың қатарында жылдамдықты арттыруды және жүргізушінің шаршау белгілерін бақылау жүйелері бар.
Жақында компания көлік салонындағы қақтығысты жағдайларды бақылауға арналған қосымша құрал ретінде сапар барысында аудиожазба жасау функциясын да енгізді. Бұдан бөлек, сервис дағдарыстық жағдайлардан зардап шеккен адамдарға психологиялық көмек көрсететін Sezim қызметімен серіктестік орнатқан.
Әрбір жүргізуші мен автокөлік тұрақты түрде көпсатылы тексеруден өтеді. Оның ішінде көлік құжаттарын тексеру, техникалық қызмет көрсету жағдайын бақылау, аккаунттың үшінші тұлғаларға берілмеуін қамтамасыз ету үшін жүргізушіні фотобақылаудан өткізу және көліктің сервис сапасының стандарттарына сәйкестігін тексеру бар. Мұндай бақылау жүйесі өз нәтижесін беруде: соңғы бір жыл ішінде inDrive жүргізушіні немесе көлікті ауыстыруға байланысты, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған оң рульді көліктерді қолданғаны үшін шамамен 33 мың аккаунтты бұғаттады.
Жалпы алғанда, inDrive жол-көлік оқиғалары мен қақтығысты жағдайлардың қаупін азайтуға бағытталған 30-дан астам технология мен құралды қолданады. ССонымен қатар сапарлар сақтандырылған: өмір мен денсаулықты сақтандыру әрбір сапар кезінде жүргізуші мен жолаушыларға 4 миллион теңгеге дейінгі соманы қамтиды.
Жүргізушілерді оқыту осы жүйені толықтырады: технологиялар ықтимал қауіпті жағдайларды анықтауға және алдын алуға көмектессе, жүргізушілермен жүргізілетін жұмыс мұндай жағдайлардың туындау ықтималдығын төмендетуге бағытталған.
Жүргізушілерге арналған оқыту inDrive компаниясының Қазақстандағы сапарлар қауіпсіздігін арттыру бағытындағы жүйелі жұмысының бір бөлігі болды. Компания қауіптердің алдын алу, сапарларды бақылау және инциденттерге жедел әрекет ету құралдарын одан әрі дамытуды жалғастыруда. Мұндай тәсіл сапардың әртүрлі кезеңдеріндегі қауіпсіздік мәселелеріне кешенді түрде назар аударуға мүмкіндік береді. Яғни технологиялық шешімдер, қауіптердің алдын алу және адам факторымен жұмыс біртұтас қауіпсіздік жүйесін құрайды.