Жуырда Beeline ішкі жүйелерін жоспарлы түрде жаңартты. Мұндай процестер желінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін қажет, ал бізге клиенттерді сапалы байланыспен және сервиспен қамтамасыз ету маңызды.
Жұмыстарды жүргізу барысында негізгі байланыс қызметтері қолжетімді болып қалуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасадық, бірақ жекелеген сервистерде уақытша шектеулер туындауы мүмкін еді. Техникалық мамандарымыз жүйелердің жұмысын тәулік бойы бақылап, туындаған мәселелерді мүмкіндігінше жылдам шешуге тырысты.
Кейбір клиенттерде қиындықтар болуы ықтимал екенін түсінеміз. Сондықтан біздің команда келіп түскен барлық өтініш пен өтінімдерді бақылап, өңдеп отырды. Мамандар бүкіл жағдайды жеке тексеріп, клиенттермен байланысады және барлық сұрақты шешуге, көмектесуге тырысады.
Біз клиенттерімізге сабырлығы, түсіністігі және пікірлері үшін алғыс айтамыз. Олардың сенімін бағалаймыз және уақытша шектеулер де қолайсыздық тудыруы мүмкін екенін түсінеміз.
Алғыс ретінде клиенттерге сыйлық: 3 гигабайт мобильді интернет және ҚР-дағы басқа мобильді операторлардың нөміріне қоңырау шалуға 30 минут дайындадық – бұл байланыс топтамасын 7 күн ішінде пайдалануға болады. Сыйлықты алу үшін тұтынушыға келген SMS-хабарламадағы команданы теру қажет.
Бізбен бірге болғандарыңызға рақмет. Beeline сервистері әр клиентке мейлінше ыңғайлы, тұрақты әрі сенімді болуы жолындағы жұмысымызды жалғастырамыз.