Alma-City » Астанада баспаналардағы жануарлармен танысуға болатын «Кәнекей көмектесейік» қайырымдылық арт-пикнигі өтеді

Астанада баспаналардағы жануарлармен танысуға болатын «Кәнекей көмектесейік» қайырымдылық арт-пикнигі өтеді

Астанада баспаналардағы жануарлармен танысуға болатын «Кәнекей көмектесейік» қайырымдылық арт-пикнигі өтеді

19 қыркүйекте Астанадағы «Астаналық» саябағында үй жануарларын азықтандыру және күту саласының сарапшысы Purina бренді ұйымдастырған «Көмектесейік» қайырымдылық арт-пикнигі өтеді (Nestlé Purina PetCare Nestlé S.A. тобының құрамына кіреді).

 

Жоба баспаналардағы жануарларға үй табуға көмектесетін адамдарды біріктіріп, жануарларға жауапкершілікпен қарау мәдениетін дамытуға ықпал етеді. Қала тұрғындары ит, мысықтармен танысып, олардың тарихын біліп, еріктілермен және мамандармен сөйлесіп, болашақ үй жануарын кездестіруі мүмкін.

 

Іс-шара алаңында жануарларға арналған 5 панажай таныстырылады. Қонақтар панажай өкілдеріне сұрақ қойып, өзіне лайықты жануарды кездестіргеніне көз жеткізсе, қажетті құжаттарды рәсімдеп, оны үйіне алып кете алады.

 

Іс-шара қонақтарын бұдан бөлек мыналар күтеді:

  • ветеринар, кинолог және грумердің дәрістері;
  • балалар мен ересектерге арналған шығармашылық шеберлік сабақтары;
  • фотозоналар, аквагрим және отбасы мүшелеріне арналған басқа да белсенділіктер.

Ұйымдастырушылар асырап алынған жағдайда жануардың жаңа үйге оңай бейімделуіне көмектесетін жем мен қажетті керек-жарақтар салынған сыйлық жиынтықтарын да дайындады.

 

Purina PetCare компаниясының Еуразия өңіріндегі бизнесті дамыту жөніндегі менеджері Александр Каменский:

 

«Жазда «Кәнекей көмектесейік» шарасы Алматыда сәтті өтті. Енді осы дәстүрді Астанада жалғастырып, күзгі маусымды ашуға қуаныштымыз. Purina үшін мұндай кездесулер жануарларға жауапкершілікпен қараудың және панажайдағы жануарды үйіне алып кетуге дайын адамдарды қолдаудың қаншалықты маңызды екенін тағы бір еске салуға мүмкіндік береді. Әр шара сайын жанымыздан табылатын жанашыр адамдардың саны артып келе жатқаны ерекше қуантады». өтті. Енді осы дәстүрді Астанада жалғастырып, күзгі маусымды ашуға қуаныштымыз. Purina үшін мұндай кездесулер жануарларға жауапкершілікпен қараудың және панажайдағы жануарды үйіне алып кетуге дайын адамдарды қолдаудың қаншалықты маңызды екенін тағы бір еске салуға мүмкіндік береді. Әр шара сайын жанымыздан табылатын жанашыр адамдардың саны артып келе жатқаны ерекше қуантады».

 

Назарбекова Ажар, «Спаси друга» панажайы:

«Панажайдағы жануарлар үшін әлеуетті иелерімен кездесу - жаңа өмірге бастар жолдағы маңызды қадам. Осындай іс-шаралар адамдарға жануарлармен жеке танысып, олардың мінезі мен қажеттіліктерін білуге, сондай-ақ отбасының жаңа мүшесін қабылдауға қаншалықты екенін түсінуге көмектеседі. Біз қамқорлығымыздағы жануарлардың тарихын қуана айтып береміз және олардың көпшілігі үшін бұл күн жаңа үйдегі бақытты өмірдің бастауы болады деп үміттенеміз».

 

Күні: 2026 жылғы 19 қыркүйек

Уақыты:11:00-20:00
Өтетін орны: Астана қаласы, «Астаналық»  мәдениет және демалыс саябағы

Кіру тегін

Поставьте лайк публикации или поделитесь ею в социальных сетях!

Заметили ошЫбку или мертвую/неактивную ссылку?

Выделите проблемный фрагмент мышкой и нажмите CTRL+ENTER. В появившемся окне опишите проблему и отправьте уведомление Администрации ресурса.

Похожие статьи

Комментарии (0)

Оставить комментарий

Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.