Alma-City » Все новости » Қазақстанның төрт қаласында Coca-Cola жүйесінің экоакция қатысушылары 5,8 тоннадан астам қалдық жинады

Қазақстанның төрт қаласында Coca-Cola жүйесінің экоакция қатысушылары 5,8 тоннадан астам қалдық жинады

Қазақстанның төрт қаласында Coca-Cola жүйесінің экоакция қатысушылары 5,8 тоннадан астам қалдық жинады

Дүниежүзілік тазалық күні (World Cleanup Day) аясында Coca-Cola жүйесі Қазақстанның төрт қаласында экологиялық сенбіліктер өткізді. Бастамаға компанияның қызметкерлері, ReStart экологиялық жобасына серіктес университеттердің студенттері, «Жасыл» экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту коалициясының» өкілдері, сондай-ақ серіктестер қосылды. Іс-шараға Алматы, Астана, Ақтөбе және Шымкент әкімдіктері қолдау көрсетті.

Төрт қалада өткен экологиялық акцияға 400-ден астам адам қатысты. Қатысушылар 5,8 тоннадан астам қалдық жинады, 365 кг пластик сұрыпталып, қайта өңдеуге жіберілді.

Дүниежүзілік тазалық күні жыл сайын бүкіл әлем тұрғындарын қоғамдық кеңістікті тазартуға жұмылдырып, жұртшылық назарын қалдық мәселесінің өзектілігіне аударады. Coca-Cola жүйесі үшін бұл халықаралық экологиялық бастама компания қызметкерлері мен жастардың басын қосып, нақты шараларға тікелей қатысу арқылы өз бойыңда экологиялық әдеттер қалыптастыруға болатынын көрсетудің тамаша мүмкіндігі болды.

«CCI Kazakhstan (Coca-Cola İçecek Kazakhstan) үшін қоршаған ортаға қамқор болу тұрақты даму стратегиясының ажырамас бөлігі болып табылады. Біз елеулі өзгерістер бірлескен әрекеттерден басталатынына сенеміз, сондықтан экологиялық хабардарлықты арттыратын және адамдарды нақты әрекеттерге итермелейтін бастамаларды біз қолдаймыз. Дүниежүзілік тазалық күні мен ReStart жобасы – серіктестік пен қоғам белсенділігінің оң өзгерістер әкелуге көмектесе алатынының жарқын көрінісі», - деп атап өтті CCI Kazakhstan өкілдері.

Төрт қаладағы экологиялық акциялар сериясы көрсеткендей ауқымды өзгерістер жергілікті нақты әрекеттерден басталады. Қала аумағын тазарту үшін бизнестің, жастардың, қоғамдық ұйымдар мен қала билігінің күш біріктіруі ортақ мақсаты көздейді – қоғамдық кеңістіктерді таза ұстап, қалдықтарды жауапкершілікпен өңдеу мәдениетін дамыту.

Поставьте лайк публикации или поделитесь ею в социальных сетях!

Заметили ошЫбку или мертвую/неактивную ссылку?

Выделите проблемный фрагмент мышкой и нажмите CTRL+ENTER. В появившемся окне опишите проблему и отправьте уведомление Администрации ресурса.

Похожие статьи

Комментарии (0)

Оставить комментарий

Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.