Alma-City » 28 үй жануары жаңа баспана тапты: Астанада «Кәнекей көмектесейік» қайырымдылық арт-пикнигі өтті

28 үй жануары жаңа баспана тапты: Астанада «Кәнекей көмектесейік» қайырымдылық арт-пикнигі өтті

28 үй жануары жаңа баспана тапты: Астанада «Кәнекей көмектесейік» қайырымдылық арт-пикнигі өтті

19 қыркүйек күні Астана қаласындағы Мәдениет және демалыс саябағында үй жануарларын тамақтандыру және күту саласының сарапшысы Purina бренді ұйымдастырған «Кәнекей көмектесейік» қайырымдылық арт-пикнигі өтті. Purina бренді Nestlé тобының құрамына кіретін Nestlé Purina PetCare компаниясының бөлігі болып табылады.

Іс-шараға бес жануарлар панасынан иттер мен мысықтар әкелінді. Келушілер жануарлармен танысып, паналардың қызметкерлерімен әңгімелесті, сондай-ақ қамқорлық пен жаңа үйді қажет ететін үй жануарлары туралы көбірек білді. Жануарларды өз көзімен көріп, олармен уақыт өткізу олардың мінезі мен әдетін жақсырақ түсінуге және үйге асырап алу туралы ойланып, дұрыс шешім қабылдауға көмектесті.

Арт-пикник аясында қонақтарға үй жануарларына дұрыс күтім жасауға қатысты пайдалы ақпарат ұсынылды. Ветеринарлар, кинологтар мен груминг мамандары жануарлардың денсаулығы, күтімі және жаңа үйге бейімделуі туралы кеңестер берді. Қатысушылар мамандарға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, үй жануарларын күтуге қатысты практикалық ұсыныстар алды.

Іс-шара бағдарламасында балалар мен ересектерге арналған шығармашылық шеберлік сабақтары, фотозона және аквагрим алаңдары да болды.


Алайда бұл күннің басты нәтижесі 28 үй жануарының жаңа отбасына табысталғаны болды.

Жануар асырап алуға ниет білдіргендерге паналар өкілдері қажетті құжаттарды рәсімдеуге сол жерде көмектесті. Ал Purina жаңа иелердің әрқайсысына үй жануарына арналған азық пен керек-жарақтар салынған сыйлық жиынтығын табыстады.


Еуразия өңіріндегі Purina PetCare бизнесін дамыту жөніндегі менеджері Александр Каменский:

«Біз үшін «Кәнекей көмектесейік» бастамасының өзегі - адамдар мен қамқорлыққа мұқтаж жануарлардың бір-бірін табуына мүмкіндік жасау. Біз осындай кездесулерге жағдай жасап қана қоймай, үй жануарына жауапкершілікпен қараудың маңыздылығын да түсіндіруге тырысамыз. Астанада арт-пикниктің өтуі паналарға қолдау көрсетіп, үй жануарларына жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру жолындағы тағы бір маңызды қадам болды».


«Спаси друга» жануарлар панасының өкілі Ажар Назарбекова:

«Әрбір үй жануары қауіпсіз ортада өмір сүріп, өзін отбасының бір мүшесі ретінде сезінуге лайық. Арт-пикник барысында адамдар жануарларымызды суреттен ғана көріп қоймай, олармен жүзбе-жүз танысып, еріктілермен сөйлесіп, әрқайсысының мінезі мен күтіміне қатысты барлық сұрақтарын қоя алды. Бізге қарасты жануарлардың мейірімді әрі қамқор иелерін тапқанына қуаныштымыз».


Purina бренді туралы

Purina адамдар мен үй жануарларының бірге болғаны екі тарап үшін де жақсы екеніне шын жүректен сенеді. 130 жылдан астам уақыт бойы Purina жоғары сапа және қауіпсіздік талаптарына сай келетін үй жануарларына арналған құнарлы азық әзірлеу саласында жетекші брендтердің бірі болып келеді.

2016 жылы Purina үй жануарларына қолайлы әрі жайлы орта қалыптастыруға бағытталған еуропалық «Purina міндеттемелері» бастамасын іске қосты. Компания өзіне бірқатар әлеуметтік міндеттемелер алды. Олардың қатарында қараусыз қалған жануарларға жаңа иелерін табуға көмектесу, балаларға үй жануарларына жауапкершілікпен қарауды үйрететін білім беру бағдарламаларын өткізу және үй жануарларының денсаулығына қатысты ғылыми зерттеулерді дамыту бар.

«Nestlé Purina PetCare» компаниясы штаб-пәтері Швейцарияда орналасқан, әлемдегі азық-түлік пен сусын өндіретін ірі компания Nestlé S.A. тобының құрамына кіреді.


Поставьте лайк публикации или поделитесь ею в социальных сетях!

Заметили ошЫбку или мертвую/неактивную ссылку?

Выделите проблемный фрагмент мышкой и нажмите CTRL+ENTER. В появившемся окне опишите проблему и отправьте уведомление Администрации ресурса.

Похожие статьи

Комментарии (0)

Оставить комментарий

Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.