Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде қайталама шикізат жаңа студенттік жобалар үшін материал ретінде пайдаланылуда. Кампус аумағынан жиналған пластик ұсақталып, 3D басып шығаруға арналған материал ретінде қайта өңдеуден өткен соң жаңа бұйымдар жасау үшін қолданылады.
Осындай жобалардың бірі SoRRRtify білім беру ойыны болды. Оның карточкалары тікелей университет қабырғасында ПЭТ қалдықтарынан өндірілген қайталама пластик — 3D-филаменттен жасалған.

Осылайша, студенттер іс жүзінде материалдың пайдаланылған пластикалық бөтелкеден дайын бұйымға дейінгі толық дайындалу кезеңдерін бақылап, өнімді жасауға өздері қатыса алады.
Экология университет ортасының бөлігі ретінде
Шығыс Қазақстанда ресурс үнемдеу және экологиялық қауіпсіздік мәселелері өнеркәсіп пен технологиялардың дамуымен байланысты. Сол себепті ШҚТУ-да экологиялық жобалар университеттің тек қоғамдық жұмысының ғана емес, сонымен қатар білім беру және ғылыми қызметінің ажырамас бөлігіне айналуда.
Бұл жұмыс қалдықтарды бөлек жинау, ресурс үнемдеу, экологиялық ағарту, студенттердің бастамалары және циркуляр экономика саласында практикалық шешімдер жасау сияқты бірнеше бағытты біріктіретін Green Campus жобасы аясында қарқын алуда.
«Экологиялық мәдениетті қалыптастыру пәлсапамыз «теориядан іс-әрекетке көшу» қағидатына негізделген», — деп Green Campus жобасының жетекшісі Ольга Петрова атап өтті.
Университет аумағында макулатура мен пластикті бөлек жинауды, сондай-ақ тұрақты экологиялық акцияларды көздейтін ресурстарды басқару бағдарламасы жүзеге асырылады. Студенттерді тарту үшін геймификация элементтері, факультеттер арасындағы жарыстар және белсенді қатысушыларды көтермелеудің әралуан түрлері пайдаланылады.
ReStart пластикке екінші өмір сыйлайды
ШҚТУ-дың ReStart экологиялық жобасына қатысуы кампус аумағында қалдықтарды жинау инфрақұрылымын дамыту кезеңдерінің бірі болды. Университет өкілдерінің айтуынша, жоба қайталама шикізатпен жұмыс істеу мүмкіндіктерін кеңейтуге көмектесті.
Инфрақұрылым өз басында жеткіліксіз — студенттерге сұрыпталғаннан кейін қалдықтардың қалай пайдаланылатынын түсіну маңызды. Сол себепті университетте қысқа интерактивті сабақтар өткізіліп, онда қалдықтарды сұрыптау және одан әрі пайдалануға дайындау ережелері түсіндіріледі, студенттер жабдықпен таныстырылып, оларға материалдармен жұмыс істеудің келесі кезеңдері көрсетіледі.
«Сұрыптау студенттер үшін бір реттік емес, үйреншікті әрекетке айналуы үшін не істеуге болады? Біз бүкіл процесті іс жүзінде көрсетуге тырысамыз: студент жиналған пластиктің шынында да әрі қарай пайдаланылатынын көреді, жабдықпен танысады, қайта өңдеуге қатысады және өз жұмысының нәтижесін көре алады. Адам экобокстан шыққан материалдың қалай пайдаға асатынын түсінгенде, оның сұрыптауға деген көзқарасы өзгереді», — дейді тұрақты даму және Green Campus жобасы жөніндегі кеңсенің командасы.
2024 жылы ШҚТУ ReStart жобасында екінші орынды иеленіп, жүлдеге тігілген полимер ұнтақтауға арналған ұсақтағыш жабдықты алды. Бүгінде ол жобалау қызметінде және зертханалық практикумдарда қолданылып келеді.
Университет базасында Recycling inside жобасы дамып, оның шеңберінде қайталама шикізаттың саналуан түрлерімен жүйелі жұмыс жолға қойылды. Мысалы, қайта өңделген пластиктен баспақтауға арналған қалыптар жасалады. Содан кейін осы қалыптарда ұсақталған макулатурадан алынған қағаз массасынан университет кампусын көгалдандыру үшін пайдаланылатын, көшет отырызуға арналған құтылар жасалады.
Жұмыстың тағы бір бағыты пластикалық бөтелкелерді 3D басып шығаруға арналған материал — филаментке қайта өңдеу болды.
Бұл инфрақұрылым студенттердің жеке әзірлемелерінің пайда болуына негіз қалады.
SoRRRtify ойынын жасау үшін студенттер университет аумағынан жиналған ПЭТ қалдықтарынан алынған қайталама материалды пайдаланды. Осылайша жиналған пластик практика жүзінде қолданылып, дайын білім беру өнімінің негізіне айналады.

Солардың бірі SoRRRtify білім беру ойыны болды. Ойын карточкалары тікелей университет қабырғасында ПЭТ қалдықтарынан өндірілген қайталама пластик — 3D-филаменттен жасалған. Жиналған пластик дайын білім беру өнімін жасайтын материалға айналады.
SoRRRtify бір мезгілде бірнеше міндетті ұштастырады. Ойын қалдықтарды бөлек жинауды танымал етеді, экологиялық әдеттерді қалыптастыруға көмектеседі және студенттерге өз өнімін жасауда практикалық тәжірибе береді: олар қайта өңделген материалмен жұмыс істейді және дайын бұйымды өндіруге қатысады.
Ойынға ресми түрде авторлық куәлік алынған. Бұл сонымен қатар студенттік кәсіпкерлік бағытында жобаны одан әрі дамыту үшін мүмкіндіктер ашады.
Болашақта команда SoRRRtify жобасын дамытып, ойынды университеттің ресми нышанына айналдыруды жоспарлап отыр.
Қатысудан жеке бастамаларға апарар жол
Бүгінде ШҚТУ-да университеттің әр мектебінде бір-бірден, тоғыз экоклуб жұмыс істейді. Олар студенттердің идеяларын түрлендіріп, экологиялық акциялар ұйымдастыруына, білім беру іс-шараларын өткізуіне және орнықты даму саласында өз жобаларын әзірлеуіне мүмкіндік беретін алаңдарға айналуда.
Fablab зертханасы бастамаларға қосымша қолдау көрсетіп отыр. Мұнда студенттер идеяны пысықтап, болашақ шешімнің прототипін жасай алады. Mысалы, қоршаған ортаға мониторинг жүргізуге арналған құрылғылар немесе материалдарды қайта өңдеумен және қайта пайдаланумен байланысты бұйымдар сияқты жобалар орын алды.
Мәселен, экологиялық қатысу біртіндеп жекелеген акцияларға қатысудан дербес жобаларға көшуге түрткі болады. SoRRRtify осындай тәсілдің бір мысалына айналды.
Болашақ инженерлер үшін кең мүмкіндіктер
Техникалық университет үшін ReStart сияқты жобаларға қатысудың маңызы өте зор. Экологиялық міндеттер студенттерге жүйелі ойлауды, жобалау бойынша көзқарасын, командада жұмыс істеу дағдыларын және практикалық шешімдер жасау қабілетін дамытуға мүмкіндік береді.
Болашақ инженерлер, зерттеушілер мен басшы қызметкерлер оқу кезінде, сондай-ақ нақты міндеттермен жұмыс істеуге: материалдарды қайта өңдеу технологияларын игеруге, эксперименттер жүргізуге, прототиптер әзірлеуге және өз өнімдерін жасауға мүмкіндік алады.
Осылайша, экологиялық практика инженерлік білімнің бір бөлігіне айналады: студент қалдықтарды сұрыптап қана қоймайды, сонымен қатар материалдың пайдаланылған бөтелкеден жаңа өнімге дейінгі дайындалу кезеңдерін бақылайды. Университет үшін бұл нақты міндеттерді шешу кезінде технологияларды қолдана алатын мамандарды даярлау мүмкіндігі.