Alma-City » QazCode компаниясының Aventa жобасы бизнесті AI-трансформациялағаны үшін Digital Bridge марапатына ие болды

QazCode компаниясының Aventa жобасы бизнесті AI-трансформациялағаны үшін Digital Bridge марапатына ие болды

QazCode компаниясының Aventa жобасы бизнесті AI-трансформациялағаны үшін Digital Bridge марапатына ие болды

Beeline Қазақстан экожүйесіне кіретін қазақстандық QazCode IT-компаниясы әзірлеген Aventa корпоративтік AI-платформасы Digital Bridge 2026 халықаралық технологиялық форумында «Жылдың корпоративтік AI-трансформациясы» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.

 Aventa компанияларға корпоративтік AI-ассистенттер мен AI-агенттер жасауға, оларға өз деректері мен білім қорын қосуға, сондай-ақ жасанды интеллектті тікелей жұмыс үдерістеріне енгізуге мүмкіндік береді. Платформа қазірдің өзінде Beeline ішінде клиенттерге қолдау көрсету, HR, сатып алу, заңгерлік және сапаны бақылау міндеттерін шешу үшін қолданылып жүр.

 QazCode деректері бойынша, Aventa шешімдерін қолдану бөлек кейстерде аналитикалық тапсырмаларға кететін уақытты айына 40 сағатқа, ал бір келісімшартты тексеру уақытын аптасына 4 сағатқа дейін үнемдеуге мүмкіндік береді. HR саласында жаңа қызметкерлерді жұмысқа бейімдеу уақыты 70%-ға қысқарса, сатып алу операцияларын автоматтандыру әр қызметкерге шаққанда шамамен 3 сағатты үнемдейді. Бұл ретте Aventa біртіндеп Beeline Қазақстан қызметкерлерінің күнделікті жұмыс құралына айналды: 2025 жылдың тамызы мен 2026 жылдың тамызы аралығында тіркелген пайдаланушылар саны 6,4 есе, ал жасалған ассистенттер саны 11 есе өсті. Қызметкерлер дайын шешімдерді пайдаланып қана қоймай, өз жұмыс міндеттеріне сай AI-ассистенттерді өз бетінше жасап шығаруда.

«Біз AI тек жаңа технология болғаны үшін ғана қызық көрінетін кезеңнен өтіп кеттік. Бизнес үшін басқа дүние маңызды: ол қандай нақты мәселені шешеді және қандай нәтиже береді. Aventa-ның негізінде осы идея жатыр – біз AI-ды қызметкерлер ақпарат іздеуге, құжаттарға және қайталанатын операцияларға күн сайын уақыт жоғалтатын бағыттарға енгізе бастадық. Қазір бұл шешімдер ірі компанияда өз нәтижесін беріп, нақты пайда әкеліп жатыр. Бұл марапат біз үшін AI-трансформацияның технологияны жай әдемі көрсетуден емес, адамдардың шынайы жұмысын өзгертуден басталатынының дәлелі», – деп атап өтті Beeline Қазақстан мен QazCode компаниясының AI және трансформация жөніндегі директоры Агиис Конкабаева.

 Бүгінде Aventa тек Beeline компаниясының ішкі шешімі ретінде ғана емес, сонымен қатар корпоративтік клиенттерге арналған платформа ретінде де дамып келеді. Ол бағдарламалаусыз арнайы AI-ассистенттерді жасауға, корпоративтік дереккөздерді қосуға және көп сатылы жұмыс процестерін автоматтандыруға мүмкіндік береді. Beeline ішінде қолдану тәжірибесі QazCode компаниясына платформаны нақты бизнес-міндеттер мен компаниялардың қажеттіліктерін ескере отырып жетілдіруге көмектеседі. Жақын арада Aventa-ның жаңа мүмкіндіктері нарық пен B2B-клиенттер үшін қолжетімді болып, бизнестің AI көмегімен шеше алатын міндеттер ауқымын кеңейтеді. 2026 жылы QazCode компаниясы Aventa-ны Барселонада өткен әлемдік технологиялық индустрияның ең ірі шараларының бірі – Mobile World Congress көрмесінде де көпшілікке ұсынды.

 


Поставьте лайк публикации или поделитесь ею в социальных сетях!

Заметили ошЫбку или мертвую/неактивную ссылку?

Выделите проблемный фрагмент мышкой и нажмите CTRL+ENTER. В появившемся окне опишите проблему и отправьте уведомление Администрации ресурса.

Похожие статьи

Комментарии (0)

Оставить комментарий

Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.