Alma-City » Қазақстанда ЖИ әдеттегі ЭКГ арқылы жүрек жеткіліксіздігі қаупін ерте анықтауға көмектеседі

Қазақстанда ЖИ әдеттегі ЭКГ арқылы жүрек жеткіліксіздігі қаупін ерте анықтауға көмектеседі

Қазақстанда ЖИ әдеттегі ЭКГ арқылы жүрек жеткіліксіздігі қаупін ерте анықтауға көмектеседі

Қазақстанда «Смарт ЭКГ» жобасы бастау алды. Бұл – әдеттегі электрокардиограмма (ЭКГ) арқылы созылмалы жүрек жеткіліксіздігінің жоғары қаупі бар пациенттерді анықтап, оларды қосымша тексеруге уақтылы бағыттауға көмектесетін отандық ЖИ-технология.

Бүгін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінде Денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспановтың «АстраЗенека Казахстан» ЖШС бас директоры Елена Троговамен және «Қазақстандық жүрек жеткіліксіздігі мамандарының қоғамы» РҚБ президенті Салтанат Андосовамен «Смарт ЭКГ» жобасының ресми басталуына арналған кездесуі өтті. Кездесуге бағдарлаушы компания – «CMC Technologies» ЖШС өкілдері де қатысты.

Ербол Оспанов, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі: 

«Біздің міндетіміз – ауруды ауыр асқынулар мен ауруханаға түсуді күтпей, мүмкіндігінше ерте анықтау. Жасанды интеллект дәрігерге қауіп-қатерді жылдам бағалап, пациентті қажетті тексеруге уақтылы жіберуге көмектесуі тиіс. Бұл ретте түпкілікті клиникалық шешімді әрдайым медицина маманы қабылдайды».

Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі (СЖЖ) қазақстандықтардың денсаулығы үшін ең ауыр қатерлердің бірі болып қала береді. Соңғы он жылда ересек тұрғындар арасында бұл диагноздың таралуы үш еседен астам өсіп, 5,6%-ға жетті, ал әрбір екінші пациент диагноз қойылғаннан кейін бес жыл ішінде қайтыс болады. Негізгі мәселе – кеш диагностикалау. Бастапқы тексерулердің (жүрек УЗИ-і мен биомаркерлер) күрделілігі мен қымбаттығына байланысты учаскелік дәрігерлер пациентті диагностикаға әрдайым уақтылы бағыттай бермейді. Нәтижесінде шұғыл госпитализациялау саны 129%-ға өсті, ал СЖЖ бар пациенттердің басым бөлігі бұрын ешқашан диспансерлік есепте тұрмай, өз диагнозы туралы тек ауруханада біледі¹.

Салтанат Андосова, «Қазақстандық жүрек жеткіліксіздігі мамандарының қоғамы» РҚБ президенті: 

«Бүгінгі таңда СЖЖ мамандары қоғамының басты міндеті – назарды стационарларда асқынған СЖЖ пациенттерін шұғыл емдеуден, ауруды АМСК (алғашқы медициналық-санитариялық көмек) деңгейінде ерте анықтауға аудару. СЖЖ бар орасан зор адам саны АМСК деңгейінде дәрігерлердің назарынан тыс қалып, қажетті тексерулерге, соның ішінде ЭхоКГ-ға жете алмайды. «Смарт ЭКГ» жүйесіне ЖИ енгізу АМСК дәрігерлеріне сенімді цифрлық көмек береді: ЖИ алгоритмі қай пациентте СЖЖ-нің жасырын тәуекелдері бар екенін нұсқап, оларды қосымша тексеруге уақтылы жіберуге көмектеседі. СЖЖ-ні ерте анықтау күнделікті тәжірибенің бір бөлігіне айналуы біз үшін маңызды және «Смарт ЭКГ» жобасы бұған жол ашады деп сенеміз».

Елена Трогова, AstraZeneca Kazakhstan бас директоры: 

Біз үшін «Смарт ЭКГ» жобасының озық цифрлық шешімдерді, қазақстандық мамандардың тәжірибесін және денсаулық сақтау жүйесінің нақты қажеттіліктерін біріктіретіні маңызды. Жасанды интеллектті алғашқы медициналық-санитариялық көмек деңгейінде қолдану дәрігерлерге жүрек жеткіліксіздігі қаупі болуы мүмкін пациенттерді дер кезінде анықтап, ауыр асқынулар дамымай тұрып қажетті тексеруге жіберуге көмектеседі. Біз бұл жобаны технологиялар диагностикаға қолжетімділікті арттырып, оны уақтылы жүргізуге және пациентке бағыттауға мүмкіндік беретін проактивті денсаулық сақтау моделін дамытуға қосқан үлесіміз деп қарастырамыз. Бұл ретте жасанды интеллект дәрігерге қолдау көрсететін құрал болып қала береді, ал соңғы шешімді әрдайым медициналық маман қабылдайды».

ЭКГ – дәрігерге алғаш рет қаралған кезде кез келген пациент өтетін жүрек диагностикасының ең кең таралған әрі қолжетімді әдісі. 2019 жылдан бастап Қазақстанның 150 медициналық ұйымында жылына 1 млн-ға жуық зерттеу жасайтын отандық ЭКГ-ны цифрландыру жүйесі жұмыс істеп тұр. Енді осы инфрақұрылымға жасанды интеллектінің арнайы модулі енгізілуде.

Алгоритм ЭКГ жазбаларын нақты уақыт режимінде талдап, жүректің қан айдау функциясы (лақтыру фракциясы) төмендеуінің жасырын белгілерін анықтайды. Халықаралық клиникалық зерттеулердің нәтижелеріне сүйенген әзірлеушінің бағалауы бойынша, алгоритмнің дәлдігі 85%-ға дейін жетеді. Ауытқулар анықталған кезде жүйе зерттеуге «СЖЖ-ге күдік» деген сигналы бар белгі қояды. Бұл учаскелік терапевтке диагнозды нақтылау немесе теріске шығару үшін пациентті бөгетсіз, бірден жүрек УЗИ-іне (ЭхоКГ) бағыттауға айқын негіз береді. Алгоритм диагноз қоймайды және дәрігердің орнын баспайды: одан әрі тексеру туралы шешімді ҚР ДСМ қолданыстағы клиникалық хаттамаларына сәйкес емдеуші дәрігер қабылдайды. Бұған қоса, цифрлық формат шалғай елді мекен тұрғындарын ЭКГ-ның қағаз қорытындылары үшін аудан орталықтарына бару қажеттілігінен босатады.

Жоба екі кезеңде жүзеге асырылады. Бірінші кезеңде диагностикалық бағытты анықтау және пациенттердің қай кезеңдерде дәрігерлердің назарынан жиі тыс қалатынын анықтау үшін пациенттердің иесіздендірілген тарихи деректері талданады. Екінші кезеңде, 2027 жылдан бастап, ЖИ модулі ел емханаларына пилоттық режимде енгізіліп, ЭКГ-ны нақты уақыт режимінде өңдей бастайды. Бұл СЖЖ анықталуының нақты өсуін және пациенттерді диспансерлік бақылаумен қамтуды бағалауға мүмкіндік береді.


Поставьте лайк публикации или поделитесь ею в социальных сетях!

Заметили ошЫбку или мертвую/неактивную ссылку?

Выделите проблемный фрагмент мышкой и нажмите CTRL+ENTER. В появившемся окне опишите проблему и отправьте уведомление Администрации ресурса.

Похожие статьи

Комментарии (0)

Оставить комментарий

Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.