Beeline Business пен америкалық Cyberhaven компаниясы Орталық Азиядағы Cyberhaven өнімдерінің ресми дистрибьюторы саналатын ALLIANCE Distribution компаниясының қатысуымен киберқауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Тараптар корпоративтік деректердің сыртқа шығу қаупінің алдын алуға арналған шешімдерді, соның ішінде бизнеске бұлтты платформалармен және жасанды интеллект құралдарымен жұмыс істеу кезінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған технологияларды бірлесіп дамытуды жоспарлап отыр.
Cyberhaven ұсынатын Data Lineage технологиясы корпоративтік деректердің шығу тегін және олардың қозғалыс жолдарын толық бақылауға мүмкіндік береді. Мұндай тәсіл қауіп тудыруы мүмкін әрекеттерді дер кезінде анықтап, соңғы құрылғыларда, браузерлерде, бұлтты сервистер мен жасанды интеллект қосымшаларында деректердің сыртқа шығуын нақты уақыт режимінде алдын алуға мүмкіндік береді.
«Корпоративтік клиенттер үшін бүгінде цифрлық сервистерді пайдалану мүмкіндігі ғана емес, бұлтты платформалармен және AI құралдарымен жұмыс істеу кезінде деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету де барған сайын маңызды бола түсуде. Cyberhaven компаниясы әлемдегі AI технологияларының даму бағытын айқындап отырған ұйымдармен жұмыс істейді, ал деректердің қайдан келгенін және ұйым ішінде қалай таралатынын бақылауға мүмкіндік беретін бұл тәсіл қатаң қауіпсіздік талаптары қойылатын салаларда кеңінен қолданылады. Біз Қазақстандағы корпоративтік клиенттеріміздің де озық технологияларды пайдаланатын көшбасшылар қатарында болғанын қалаймыз. Cyberhaven-пен ынтымақтастық бізге ақпаратты қорғауға арналған заманауи шешімдерді ұсынуға мүмкіндік береді», – деді Beeline Қазақстанның IT-шешімдерді дамыту жөніндегі директоры Тұрар Оспанов.
Cyberhaven компаниясының Regional Sales Director & Country Manager қызметін атқаратын Мохаммед Каримнің айтуынша, Beeline Қазақстанмен серіктестік компания технологияларын Қазақстан нарығында кеңінен енгізуге және цифрлық трансформация мен жасанды интеллектіні енгізуді шектемей-ақ деректерді тиімді қорғауға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта Beeline Business компанияның стратегиялық маңызды бағыттарының бірі ретінде корпоративтік клиенттерге арналған бұлтты инфрақұрылымдарды, AI-сервистерін және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы шешімдерді дамытуда. Cyberhaven-пен серіктестік бұл бағытты заманауи цифрлық және AI-ортада деректерді қорғау технологияларымен кеңейте түседі.
ALLIANCE Distribution – официальный дистрибьютор Cyberhaven в Центральной Азии. В рамках партнёрства ALLIANCE Distribution и Beeline Business будут развивать продвижение решений Cyberhaven в Казахстане, помогая корпоративным клиентам получать доступ к современным технологиям защиты данных.
ALLIANCE Distribution компаниясы – Cyberhaven өнімдерінің Орталық Азиядағы ресми дистрибьюторы. ALLIANCE Distribution мен Beeline Business серіктестік аясында Қазақстан нарығында деректерді қорғаудың заманауи шешімдерін дамытуды көздеп отыр. Бұл корпоративтік клиенттердің озық технологияларды пайдалану мүмкіндігін кеңейтуге бағытталған.