Alma-City » Бүкіл отбасына арналған спорт: Қазақстанда спорттық челлендж басталды

Бүкіл отбасына арналған спорт: Қазақстанда спорттық челлендж басталды

Бүкіл отбасына арналған спорт: Қазақстанда спорттық челлендж басталды

Ата-анаға да, балаға да, әже мен атаға да ұнайтын жаттығуды қалай табуға болады? Қазан айында Қазақстан бойынша «Nestlé-мен бірге қозғалайық. Сау балалар» отбасылық спорттық челленджі басталды. 7–13 жастағы оқушылардың отбасылары футболдан бастап үйде жасайтын жаттығуға дейінгі өздеріне ұнайтын белсенділікті таңдап, бірге спортпен қалай айналысатынын көрсетеді. Мұндағы басты мақсат – спорттық жетістік емес, отбасымен бірге уақыт өткізіп, көбірек қозғалу және бір-бірін қолдау мүмкіндігі.

Челлендж Nestlé компаниясының балалар мен олардың отбасыларында пайдалы әдеттер мен теңгерімді өмір салты қағидаттарын қалыптастыруға бағытталған «Сау тамақтану мектебі» бағдарламасы аясында өтуде.

Челлендждің қалай өтетінін және неге бүкіл отбасымен қатысудың артықшылығы бар екенін айтып береміз.

Кез келген спорт түрі жарайды

Бірге қозғалу үшін отбасы мүшелерінің дағдысы бірдей болуы шарт емес. Біреу футболды, біреу биді, біреу велосипед немесе роликпен серуендеуді жақсы көреді. Спорттық бағыт ретінде таңертеңгі жаттығуды, жүгіруді, серуенді, үйдегі эстафетаны немесе кез келген басқа ортақ іс-әрекетті таңдауға болады. Қазылар алқасы спорттық нәтижені емес, идеяны, шығармашылықты және бүкіл отбасының ортақ іске қаншалықты белсене қатысқанын бағалайды.

Бүкіл отбасы – бір командада

Команда құрамы кез келген болуы мүмкін: балалар мен ата-аналар, балалар мен әже-аталар немесе отбасының барлық мүшесі бірге. Челлендждің өзегі – команда рухы, бір-бірін қолдау және белсенді демалудың отбасылық дәстүрлері.

«Пайдалы әдеттер ең алдымен отбасында қалыптасады, мұнда ересектердің жеке үлгісі маңызды рөл атқарады. «Сау тамақтану мектебі» бағдарламасы аясында біз балаларға теңгерімді тамақтану мен белсенді өмір салтының қағидаттары туралы көбірек білуге көмектесеміз. Ал отбасылық челлендж бұл білімді күнделікті өмірде қолдануға мүмкіндік береді. Біз үшін бірлесіп қозғалу бір реттік бастама емес, ұрпақтарды біріктіретін жақсы отбасылық әдетке айналуы аса маңызды», – деді Nestlé компаниясының Еуразия өңіріндегі басшысы Максим Щетин.

Қатысу үшін үш қарапайым қадам:

1) жиналу – бала (балалар) мен кемінде бір ересек адамнан тұратын команда құру;

2) қозғалу – бірге жасайтын іс-әрекетті таңдап, сәтті сурет түсіру;

3) бөлісу – суретті бағдарламаның https://www.prav-pit.kz/ сайтына жүктеу немесе фото не бейнені Instagram-да #Двигаемся_вместе_с_Nestlé және #Nestlé-мен_бірге_қозғалайық хэштегтерімен жариялау. Instagram-да жариялау үшін команда атауын ойлап тауып, іс-әрекет туралы қысқаша жазу қажет.

Жұмыстар 12 қарашаға дейін қабылданады. Қорытынды 20 қарашаға дейін бағдарлама сайтында жарияланады.

Белсенді демалысқа арналған жүлделер

Жеңімпаздарды қазылар алқасы анықтайды: ол бас жүлде иегерін, бірінші, екінші және үшінші орынның жүлдегерлерін, сондай-ақ Instagram-дағы үздік жұмыстарды таңдайды. Сонымен қатар челлендж аясында «Көрермен таңдауы» аталымы бар – оның жеңімпаздары сайттағы дауыс санына қарай анықталады.

Жаһандық бастаманың бір бөлігі

«Nestlé-мен бірге қозғалайық. Сау балалар» челленджі елдің мектептерінде 10 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келе жатқан «Сау тамақтану мектебі» бағдарламасы аясында өтуде. Бағдарлама Nestlé for Healthier Kids жаһандық бастамасының құрамдас бөлігі болып табылады, оның мақсаты – 2030 жылға қарай әлемдегі 50 миллион балаға неғұрлым салауатты өмір салтын ұстануға көмектесу.

Толығырақ ақпарат алып, челленджге қосылу үшін https://www.prav-pit.kz/ сайтына кіруге болады.


Поставьте лайк публикации или поделитесь ею в социальных сетях!

Заметили ошЫбку или мертвую/неактивную ссылку?

Выделите проблемный фрагмент мышкой и нажмите CTRL+ENTER. В появившемся окне опишите проблему и отправьте уведомление Администрации ресурса.

Похожие статьи

Комментарии (0)

Оставить комментарий

Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.