Coca-Cola İçecek (CCI) Kazakhstan компаниясы IX Kazakhstan Global Investment Roundtable (KGIR 2026) аясында «Ұзақ мерзімді серіктестік үшін» номинациясы бойынша марапатталды. Марапат компанияның Қазақстандағы 30 жылдан астам уақыт бойы болуын, өндірістік қуаттылықты жүйелі түрде кеңейтуін және ел экономикасының дамуына қосқан үлесін танудың белгісі болды.
KGIR 2026 мемлекеттік органдардың, халықаралық компаниялардың, инвесторлар мен бизнес-қоғамдастықтың өкілдерін біріктірді. Форум «Тұрақтылықтан өсуге: Қазақстанның жаңа инвестициялық циклі» тақырыбында өтті. Қатысушылар назарының орталығында елдің инвестициялық әлеуеті, капитал тарту және бизнесті дамыту келешегі болды.
Anadolu Group түрік холдингінің басты активтерінің бірі болып табылатын CCI Kazakhstan – сусын өндіретін түрік көпұлтты компаниясы, ол Қазақстанда 1994 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Инвестиция көлемі 130 миллиард теңгеден асты. Осы уақыт ішінде компания Алматы мен Астанада өндірістік инфрақұрылымды қалыптастырды, Шымкенттегі кәсіпорын қуатын дамытты және елдегі бизнесті дамытуға инвестиция салуды жалғастырды.
Маңызды кезеңдердің бірі Шымкенттегі зауыттың өндірістік қуатын үшінші өндірістік желіні іске қосу арқылы кеңейту болды. Компанияның келесі ірі инвестициялық жобасы Ақтөбе қаласында төртінші зауыттың құрылысы болды. Оның іске қосылуы 2027 жылға жоспарланған. Жаңа кәсіпорын CCI Kazakhstan өндірістік инфрақұрылымын кеңейтіп, компанияның ел өңірлеріндегі қатысуын нығайтады.
Ақтөбеде зауыт салу, сонымен қатар, жұмыс орындарын ашуға, заманауи технологияларды енгізуге және өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін дамытуға бағытталған.
Бұл марапат біз үшін CCI Kazakhstan ұжымының көпжылдық еңбегін және Қазақстанда бизнесті жүйелі түрде дамытуға деген ұмтылысымызды танудың белгісі болды. Біз елді стратегиялық маңызды нарық ретінде қарастырамыз және өндірістік қуаттылыққа инвестиция салуды жалғастырамыз. Шымкенттегі өндірісті кеңейту және Ақтөбеде жаңа зауыт салу біздің ұзақ мерзімді стратегиямыздың маңызды кезеңдеріне айналды. Біз әрі қарай да өңірлерді дамытуға үлес қосуға, жаңа мүмкіндіктер жасауға және Қазақстанмен серіктестікті нығайтуға ниеттіміз», – деп атап өтті CCI Kazakhstan бас директоры Вели Динчель
Үш онжылдықтан астам уақыт бойы CCI Kazakhstan өндіріске, адамдарға және жергілікті қауымдастықтарға инвестиция сала отырып, елді дамыту жолындағы сенімді серіктес болып қала береді. «Ұзақ мерзімді серіктестік» марапаты осы айнымас ұмтылысты көрсетеді әрі компанияның Қазақстан экономикасы мен қоғамы үшін ұзақ мерзімді құндылық құруға деген ниетін растайды.