OpenAI компаниясымен жасалған келісім Aleph-тің жасанды интеллектке негізделген жарнамалық шешімдер бағытын кеңейтеді. Енді Латын Америкасы, Еуропа, Орталық Азия, Таяу Шығыс, Африка және Азия-Тынық мұхиты аймағындағы брендтер мен жарнама агенттіктері Aleph командасынан жергілікті деңгейде қолдау ала алады.
OpenAI компаниясы Aleph-пен эксклюзивті серіктестік аясында ChatGPT Ads жарнамасын 44 елде ұсынуды бастайды. Бүгіннен бастап Латын Америкасындағы 14, Еуропа мен Орталық Азиядағы 16, Таяу Шығыс пен Африкадағы 10, сондай-ақ Азия-Тынық мұхиты аймағындағы 4 нарықта жұмыс істейтін брендтер мен жарнама агенттіктері Aleph арқылы келісімшарт жасасып, төлем жүргізіп, жергілікті деңгейде қолдау ала алады. Aleph — OpenAI компаниясының осы нарықтардағы эксклюзивті серіктесі.
ChatGPT — адамдар ақпарат іздеп, жаңа нәрселерді үйреніп, түрлі тақырыптарды зерттеп, шешім қабылдайтын жаңа жарнамалық орта. OpenAI компаниясымен серіктестік Aleph-ке осы нарықтардағы бизнесті жасанды интеллект дәуірінің маңызды өнімдерінің бірі — ChatGPT платформасымен байланыстыруға мүмкіндік береді. Ал жарнама берушілер жарнаманы жергілікті командалары мен жеке төлем жүйесі бар серіктес арқылы орналастыра алады.
«Жасанды интеллект бизнеске адамдармен байланыс орнатудың жаңа мүмкіндіктерін ашып отыр. Бүгіннен бастап 44 нарықтағы жарнама берушілер OpenAI компаниясымен жергілікті командалар арқылы жұмыс істей алады. Бұл командалар клиенттермен өз тілінде сөйлеседі, шоттарды жергілікті валютада ұсынады және кредиттік лимиттер береді. Aleph-тің басты артықшылығы — жаһандық технологияларды жергілікті нарықтардың дамуына мүмкіндік беретін құралдарға айналдыру», — деді Aleph компаниясының негізін қалаушы әрі бас директоры Гастон Таратутa (Gastón Taratuta).
Aleph-пен жұмыс істейтін брендтер мен жарнама агенттіктері келісімшарттарды жергілікті деңгейде жасасып, төлем шоттарын да сол елде алады. Сонымен қатар, Aleph компаниясының әр елдегі командалары жаңа клиенттерді жүйеге қосуға көмектесіп, бастапқы қолдау көрсетеді.
Келісім 44 нарықты қамтиды:
- Латын Америкасы (14): Аргентина, Боливия, Чили, Колумбия, Коста-Рика, Доминикан Республикасы, Эквадор, Сальвадор, Гватемала, Панама, Парагвай, Перу, Пуэрто-Рико және Уругвай.
- Еуропа және Орталық Азия (16): Әзербайжан, Болгария, Хорватия, Кипр, Чехия, Эстония, Венгрия, Қазақстан, Латвия, Литва, Румыния, Сербия, Словакия, Словения, Украина және Өзбекстан.
- Таяу Шығыс және Африка (10): Мысыр, Кения, Кувейт, Марокко, Нигерия, Катар, Сауд Арабиясы, Оңтүстік Африка Республикасы, Түркия және Біріккен Араб Әмірліктері.
- Азия-Тынық мұхиты аймағы (4): Бангладеш, Камбоджа, Гонконг және Шри-Ланка.
Осы елдердегі жарнама берушілер мен агенттіктер серіктестік мүмкіндіктері туралы толығырақ ақпарат алып, Aleph компаниясының жергілікті командаларымен мына сілтеме арқылы байланыса алады.
Aleph компаниясы туралы
Aleph — 130-дан астам қарқынды дамып келе жатқан нарықта медиа және төлем шешімдерін дамытуға арналған әлемдегі ең ірі жаһандық инфрақұрылымдардың бірін басқаратын компания. Компанияның бұл салада 20 жылдық тәжірибесі бар және әлемнің жетекші 50-ден астам цифрлық платформасымен серіктестік орнатқан.
Aleph медиа саласындағы шешімдерді, төлем жүйелерін және жергілікті нарықтар туралы сараптамалық білімді біріктіреді. Бұл компаниялар мен цифрлық платформаларға халықаралық нарықтарға жылдам шығып, барлық талаптарды сақтай отырып жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Әлемнің 90-нан астам кеңсесінде жұмыс істейтін командаларының арқасында Aleph халықаралық ауқымдағы мүмкіндіктерді жергілікті нарықтардың ерекшеліктерін терең түсінумен ұштастырады.
Компания бизнеске қолдау көрсетумен қатар, цифрлық инклюзияны дамытуға да үлес қосады. Осы бағытта Aleph Digital Ad Expert білім беру бастамасын жүзеге асырады. Бұл бастама ЮНЕСКО-ның Жаһандық дағдылар академиясының (UNESCO Global Skills Academy) мойындауына ие болды.