Қазақстан, 2026 жылғы 17 қараша. Жаппай жеңілдіктер маусымы қарсаңында Яндекс Карты сервисінің сарапшылары қазақстандықтардың сауда орталықтарына баруды қай уақытта жоспарлайтынын және қай сауда орындарын таңдайтынын анықтады.
2025 жылғы анонимді әрі жинақталған деректерге сәйкес, сауда орталықтарына бару белсенділігі жазда артқан. Маусым мен тамыз аралығында пайдаланушылар сауда орталықтарына қыс айларымен салыстырғанда 21,5%-ға көп барған. Ал 2026 жылғы картада құрылған бағыттар саны бойынша сауда орталықтарының рейтингінде Алматыдағы Mega Alma-Ata көш бастады.
Сауда орталықтарына қай кезде жиі барады?
2025 жылы пайдаланушылардың белсенділігі тамыз айында шарықтау шегіне жеткен. Одан кейінгі орындарға шілде мен маусым жайғасты. Тамызда карта арқылы сауда орталықтарына құрылған бағыттар саны жылдық ең төмен көрсеткіш тіркелген қараша айымен салыстырғанда 43,2%-ға көп болған. Бұған әсер еткен факторлардың бірі – жаңа оқу жылына дайындық болуы мүмкін. Өйткені тамыз айында сауда орталықтарында мектеп жәрмеңкелері ұйымдастырылады.
Жалпы, мамыр айынан бастап сауда орталықтарына бағыт алу көрсеткіші ай сайын өсіп, тамызда ең жоғары деңгейге жеткен. Ал күзде белсенділік төмендей бастаған. Жаңа жыл қарсаңында бұл көрсеткіш қайта өскен: желтоқсанда сауда орталықтарына бару үшін құрылған бағыттар саны қарашаға қарағанда 12,4%-ға артқан. Мұны мерекеге дайындықпен және сыйлық сатып алумен байланыстыруға болады.
2026 жылғы ең танымал сауда орталықтары
Яндекс Карты сарапшылары 2026 жылғы қаңтар мен қараша аралығында құрылған бағыттар санына сүйене отырып, Қазақстандағы ең танымал сауда орталықтарының рейтингін жасады. Бірінші орын Алматыдағы Mega Alma-Ata еншісінде. Екінші орынға осы қаладағы «Достық Плаза» жайғасса, үшінші орынға Астанадағы Mega Silk Way шықты. Үздік бестікті елордадағы «Хан Шатыр» мен Алматыдағы Mega Park түйіндеді.
Бағыт құрудан бастап қажетті дүкенді табуға дейін
2026 жылғы қаңтар-қыркүйек аралығында Қазақстандағы ұйымдарға апарар, Яндекс Карты арқылы құрылған әрбір 13-бағытта сауда орталықтары көрсетілген. Яғни мұндай бағыттардың жалпы санындағы сауда орталықтарының үлесі шамамен 8%.
Сервис пайдаланушыларға сауда орталығына жетіп қана қоймай, керек орынды оның ішінде де оңай табуға көмектеседі. Қолданба арқылы қабаттардың сызбасын қарап, қажет дүкенге, дәмханаға немесе автотұраққа шығатын есікке дейін бағыт құруға болады.
Мұндай навигация Алматы мен Астанадағы 10 сауда орталығында қолжетімді. Алматыда бұл – Mega Alma-Ata, Esentai Mall, Grand Park, Forum, Aport Mall West және Aport Mall East. Ал Астанада – Mega Silk Way, Khan Shatyr, Keruen және Asia Park. Қабаттардың сызбасы келушілерге керек нысанды алдын ала тауып, сауда орталығы ішіндегі қозғалысты жоспарлауға мүмкіндік береді.
Яндекс Карты қолданбасын Google Play немесе App Store жүктеп алуға болады
Яндекс Карты туралы
Яндекс Карты — ең жақын кафе, дүкен немесе дәріхананы табудан бастап, бейтаныс аудандарға баруға дейінгі күнделікті қала ішіндегі мәселелерді шешуге көмектесетін қолданба. Ол сізге ұйымдар мен қаланың көрнекті жерлерін табуға, жұмыс уақытын, фотосуреттерді, рейтингтерді, шолуларды және басқа да пайдалы ақпаратты көруге, содан кейін кез келген көлік түрімен немесе жаяу жүрумен ыңғайлы бағдар құруға мүмкіндік береді.