Алдағы 3 айға арналған болжам
2026 жылғы қазан айында қызықты қайшылық байқалды. Экспорттың оң динамикасымен сауда балансының айтарлықтай профицитіне қарамастан, теңге долларғашаққанда шамамен 3%-ға әлсіреді. Сонымен қатар Қазақстан қор биржасындағы(KASE) валюта саудасының көлемі қысқарып, валюта ұсынысы мен сұранысыныңқұрылымы айтарлықтай өзгерді. Бұл бағамды болжаудың қалыптасқан тәсілін қайтақарауға негіз болады.
Экспорт өсіп, теңге әлсіреуде: мұның қайшылығы неде?
2026 жылғы қаңтар-тамыз аралығында Қазақстанның тауар экспорты 19,5%-ға өсіп, 60,4 млрд АҚШ долларына жетті. Сауда балансының оң сальдосы 82,2%-ға ұлғайып, 17,8 млрд АҚШ долларын құрады. Тоғыз айдағы экспорттың алдын ала бағаланғанкөлемі 73,6 млрд АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіменсалыстырғанда 26,1%-ға жоғары.
Бір қарағанда, мұндай динамика теңгеге тұрақты қолдау көрсетуге тиіс. Экспорттыңөсуі валюталық түсімдердің артуын білдіреді, ал сауда балансының оң сальдосыэкспорттан түсетін кірістің импорт шығындарынан асып түсетінін көрсетеді. Алайдабұл жерде елдің валюталық түсімі мен ішкі нарықтағы доллар ұсынысы бір нәрсе емесекенін түсіну маңызды.
Экспорттаушы шетел валютасымен түсім алуы мүмкін, бірақ оны ішкі нарықта бірденсатуға міндетті емес. Қаражаттың бір бөлігі импорттық жабдықтардың ақысын төлеуге, сыртқы міндеттемелерге қызмет көрсетуге, компаниялардың валюталық резервтерінжинақтауға немесе шетелдік шоттарға орналастыруға жұмсалады. Нәтижесінде саудабалансының оң сальдосы KASE-дегі доллар ұсынысының соған сәйкеспропорционалды түрде артуына кепілдік бермейді.
Сонымен қатар мұнай нарығында жоғары құбылмалылық байқалады. Мұнайжеткізілімінің үзілу қаупіне байланысты бағасы өскен жағдайда, көлік, сақтандыружәне логистика шығындары да артуы мүмкін. Экспорттық бағыттарға қойылуыықтимал шектеулер мұнай бағасының жоғарылауынан болатын оң әсерді жоққашығаруы мүмкін. Мұнай нарығындағы ахуалдың нақты әсері үш фактордың үйлесімінебайланысты: сату бағасы, экспорттың нақты көлемі және валюталық түсімнің ісжүзінде келіп түсуі.
Міне, парадокс осында: Brent маркалы мұнай бағасының барреліне 80 АҚШ долларына дейін төмендеуі теңге үшін барреліне 100 АҚШ доллары болғанжағдайдағы физикалық жеткізілім көлемінің уақытша қысқаруына қарағанда азырақтеріс әсер етуі мүмкін.
Валюта нарығына қысым түсіретін жасырын факторлар
Теңгенің тұрақтылығын бағалау кезінде кемінде үш факторды ескеру қажет. Біріншісі. Ұлттық қордан валютаны сату ішкі нарықтағы доллар ұсынысын арттырып, теңгеніқолдайды. Мұндай операциялар доллар ұсынысының уақытша тапшылығының орнынтолтыра алады. Алайда олар экспорттық түсімнің азаюын шексіз уақыт бойыалмастыра алмайды. Егер осы уақытта сыртқы сауда жағдайы нашарлап, импортқасұраныс артып, жеке капиталдың келуі қысқарса, мемлекеттік валюталық тетіктергетүсетін жүктеме күшейеді. Сондықтан Ұлттық қорда валюталық ресурстардың болуы – маңызды тұрақтандырушы фактор, бірақ валюта бағамының өзгеріссіз қалуынакепілдік бермейді.
Екіншісі – БЖЗҚ-ның валюталық операциялары. Қазан айында зейнетақы активтерініңвалюталық үлесін қамтамасыз ету мақсатында валюта сатып алу көлемі алдыңғыайдағы 986 млн АҚШ долларымен салыстырғанда 568 млн АҚШ долларын құрады. Жыл басынан бері мұндай сатып алулардың жиынтық көлемі 4,1 млрд АҚШ долларына жетті. Бұл операциялар долларға деген алыпсатарлық сұраныстыбілдірмейді. Олар зейнетақы активтерін басқаруға байланысты жүзеге асырылады. Алайда олардың ішкі валюта нарығына әсері айтарлықтай.
Үшіншісі – шетелдік инвесторлар. Қазан айында резидент еместердің иелігіндегіҚазақстанның мемлекеттік бағалы қағаздарының портфелі теңгелік қаржықұралдарының жоғары кірістілігінің арқасында 261 млн АҚШ долларына ұлғайды. Қазақстан мен шет елдердегі пайыздық мөлшерлемелер арасындағы айырмашылықтартымды болып қала берген жағдайда, carry trade операциялары қосымша валюта ағынын қамтамасыз ете алады. Алайда мұндай капиталдың бір ерекшелігі бар: ол өзбағытын тез өзгертуі мүмкін.
Теңге бағамына әсер ететін және ықпалы күшейіп келе жатқан факторлар
Факторлардың үйлесімі | Нарықтағы жағдай | Ықтимал салдары
|
Мұнай бағасының жоғары болуы+ экспорттың тұрақтылығы + капиталдың келуі | Валюта ұсынысы артады
| Теңгенің нығаюы
|
Мұнай бағасының төмен болуы + жеткізілімдердің тұрақтылығы + Ұлттық қордан валютаны сату | Мемлекет сыртқы қысымныңбір бөлігін өтейді
| Салыстырмалытұрақтылық
|
Мұнай бағасының төмен болуы + экспорттың қысқаруы + импорттың өсуі | Валюта ұсынысы азайып, сұраныс артады
| Теңгенің әлсіреуі
|
Жоғары базалық мөлшерлеме + резидент еместердің капиталдыәкетуі | Пайыздық тартымдылықвалюталық тәуекелдің орнынтолтырмайды | Теңгеге қысым
|
Мұнай бағасының жоғары болуы+ КТК жұмысының іркілістері
| Әлемдік бағалардың жоғарыболуы экспорттық түсімніңартуына алып келмейді | Теңгенің әлсіреуі |
Brent бағасының төмендеуі + капиталдың әкетілуі + валютанысатудың қысқаруы | Қолдаудың үш көзі бірмезгілде әлсірейді | Девальвация тәуекелінің жоғарыболуы |
2027 жылғы қаңтардың соңына дейін теңге бағамына қатысты үш сценарий
2026 жылғы қараша – 2027 жылғы қаңтар аралығындағы кезеңге үш негізгі сценарийдібөліп көрсетуге болады.
Базалық сценарий
Қаңтардың соңына қарай күтілетін бағам дәлізі – бір доллар үшін 455–475 теңге. Brent маркалы мұнай бағасы негізінен 85–100 доллар аралығында сақталады, Қазақстанэкспортына қатысты елеулі іркілістер болмайды, ал мемлекеттің валюта сатуынарықтағы ауытқуларды бәсеңдетуді жалғастырады деп болжанады.
Теріс сценарий
Ықтимал бағам дәлізі – бір доллар үшін 475–500 теңге. Бұл сценарийдің жүзеге асуыүшін бірнеше фактордың қатар орын алуы қажет: Brent маркалы мұнай бағасының 70–80 долларға дейін төмендеп, төмен деңгейде сақталуы, экспорттан түсетін валюталықтүсімнің қысқаруы, теңгемен номиналданған активтердің тартымдылығының төмендеуіжәне шетелдік инвесторлардың бір бөлігінің мемлекеттік бағалы қағаздардан (МҚБ) шығуы.
Стресс-сценарий
Ықтимал бағам дәлізі – бір доллар үшін 500–520 теңге. Бұл сценарий экспорттықинфрақұрылымдағы елеулі іркілістерді немесе мұнай бағасының күрт төмендеуін, портфельдік капиталдың айтарлықтай әкетілуін, валютаға сұраныстың өсуін жәнемемлекеттің өтемдік валюта сатуының жеткіліксіз болуын көздейді.
Біздің қорытындымыз. Теңге тұрақтылығының шегі мұнай бағасының бір ғанакөрсеткішімен емес, экономиканың мемлекеттік валюта сатылымына және базалықмөлшерлеменің жоғары деңгейіне тұрақты түрде тәуелділікті арттырмай, валюта ағындарының теңгерімін қамтамасыз ету қабілетімен айқындалады. Валюталықтәуекелдің басты көзі ретінде Brent бағасының өздігінен төмендеуін емес, дәл осы факторлардың үйлесімін қарастырған жөн.
