Alma-City » Искусство и творчество » Аса кең, аса жарық: Canon бейнелерде және фотосуреттерде анағұрлым батыл сюжеттерді баяндау үшін жаңа гибридті объектив ұсынады

Аса кең, аса жарық: Canon бейнелерде және фотосуреттерде анағұрлым батыл сюжеттерді баяндау үшін жаңа гибридті объектив ұсынады

Аса кең, аса жарық: Canon бейнелерде және фотосуреттерде анағұрлым батыл сюжеттерді баяндау үшін жаңа гибридті объектив ұсынады

Бүгін Canon Europe компаниясы бейнемен және фотосуретпен жұмыс істейтін мамандарының артып келе жатқан қажеттіліктерін ескерумен жасалған, фокустық қашықтығы тұрақты гибридті RF қарапайым объективтерінің инновациялық қатарына1 қосылатын аса кең бұрышты RF 20mm F1.4L VCM объективін нарыққа шығаратынын жариялады. Толық кадрлы 20 мм фокустық қашықтық және жарық аз кезде күшті жарық беретін f/1.4 диафрагмамен қамтамасыз етілетін таңқаларлық өнімділік пайдаланушыларға сюжетті баяндаудағы шығармашылық мүмкіндіктерін едәуір кеңейтуге мүмкіндік береді.

 

Тамсандырар 94° (қиғашынан) шолу бұрышы және бар болғаны 0,2 м құрайтын ең аз фокустық қашықтық арқасында RF 20mm F1.4L VCM объективі көріністерді ширақ және ерекше етіп кадрлеуге мүмкіндік береді. Aspheric, Super UD (аса төмен дисперсия) және BR (Көк спектр рефракциясы) элементтерін, сондай-ақ кинематографиялық боке және жарқыл әсерін тудыру үшін 11 желекті диафрагманы қамтитын жетілдірілген оптикалық конструкция арқасында бүкіл кадрда айрықша кескін сапасына қол жеткізіледі.

 

Пейзаждардан бастап сәулет пен интерьерге дейін бастапқы кадрлар мен кең перспективаларды түсіру үшін тамаша серік болып табылатын RF 20mm F1.4L VCM кез келген жағдайда L сериялы дәлдікті қамтамасыз етеді. Оның әмбебап «бәрі біреуінде» конструкциясы түсірілім кезінде дифрагманы стоптар арасында 1/32 қадамымен бірқалыпты, шыртылсыз реттеуді қамтамасыз ететін ирис диафрагмасымен2 және барынша аз фокустық тынысы бар дыбыссыз дерлік автофокусты қамтамасыз ететін қуатты VCMмоторымен пайдаланушыларға  бейне мен фотосурет арасында оңай ауысуға мүмкіндік береді.

 

Фокустық қашықтық қысқа болғанына қарамастан, RF 20mm F1.4L VCM Canon компаниясының басқа да фокустық қашықтығы тұрақты гибридті RF F1.4L объективтерімен бірдей дизайнға ие. Бірдей өлшем мен диафрагма, сүзгі диаметрі және түс тепе-теңдігі бірқалыпты түсіру және кейіннен өңдеу үшін осы аса кең бұрышты объективті аталмыш қатардағы қалған басқа объективтермен өзара тең пайдалануға мүмкіндік береді.

 

 

Негізгі RF 20mm F1.4L VCM мүмкіндіктері:

• Аса кең f/1,4 диафрагмасы бар аса кең 20 мм фокустық қашықтық

• Екі асфералық линзаның, бір Super UD линзасының, екі UD линзасының және бір BR линзасының, сонымен қатар ASC, SWC және Super Spectra жабындарының арқасында жоғары айқындық және сурет сапасы

• Қолмен интуитивті басқаруға арналған ирис дифрагмасы2, басқару сақинасы және объективті басқару түймесі

• Кинематографиялық боке және жарқыл әсерін тудырау үшін 11 желеті дөңгелек дифрагма

• Жылдам, дәл және дыбыссыз дерлік автофокус үшіндыбыстық шарғысы бар мотор3

• Ауа-райына төзімді,  берік Lсериялы конструкция4 

• Бұрандалы сүзгіге арналған 67 мм бұранда, артқы гель сүзгісін ұстағыш

• Ықшам және жеңіл: салмағы 519 г, өлшемі 76,5 мм (Е) x 99,3 мм (Ұ)

 


СОҢЫ

 

Сілтемелер:

  1. Canon компаниясының RF 20mm F1.4L VCM объективі қазірдің өзінде RF 24mm F1.4L VCM, RF 35mm F1.4L VCM және RF 50mm F1.4L VCM, сонымен қатар RF 70-200mm F2.8L IS USM Z және RF 24-105mm F2.8L IS USM Z қамтитын өнімдер қатарынының жалпы қамту және әмбебаптығы аясын кеңейтеді. 
  2. Фотосурет түсіруде объективті 2024 жылдың мамырына дейін шығарылған EOS R жүйесінің камераларымен пайдаланған кезде диафрагманы басқару үшін ирис диафрагмасы белсенді болмайды.
  3. Маңызды: RF 20 мм F1.4L VCM ішіндегі дыбыстық шарғысы бар мотор (VCM) әлсіз магнит өрісін шығарады. Қолдану әдетте қауіпсіз болғанымен, егер сізде кардиостимулятор немесе кез келген басқа медициналық құрылғы болса, түйіткілді мәселелерді жою үшін дәрігермен кеңесуді ұсынамыз. Объектив камераға қосылмаған кезде немесе камера өшіп тұрған кезде объективтің құрамдас бөліктерінен ішкі жағынан шу естілуі мүмкін. Бұл қалыпты жағдай және ақау белгісі емес. Тасымалдау кезіндегі болмашы қимыл-қозғалыс өнімділікке әсер етпейді.

Шаңнан және ылғалдан қорғалған объективтердің бекіткішінде резеңке сақина бар, ол камера бекіткішінің аздап қажалуына әкелуі мүмкін. Бұл объективке де, камераның жұмысына да ешқандай әсер етпейді.

Поставьте лайк публикации или поделитесь ею в социальных сетях!
Реклама

Заметили ошЫбку или мертвую/неактивную ссылку?

Выделите проблемный фрагмент мышкой и нажмите CTRL+ENTER. В появившемся окне опишите проблему и отправьте уведомление Администрации ресурса.

Похожие статьи

Комментарии (0)

Оставить комментарий

Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.