Alma-City » Общество » Volkswagen Қазақстанда ресми іске қосылатынын жариялады

Volkswagen Қазақстанда ресми іске қосылатынын жариялады

Volkswagen Қазақстанда ресми іске қосылатынын жариялады

Алматы, 2026 жылғы 19 тамыз. 27 тамыздан бастап Orbis Auto автомобильдер тобы Қазақстанда Volkswagen және Jetta брендтерінің жеті моделін ресми түрде сата бастайды және олардың бағаларын жариялайды. Модельдер қатарында қалалық седандардан бастап толық өлшемді отбасылық кроссоверлерге дейінгі көліктер бар. Ресми іске қосу аясында дилерлік және сервистік желі еліміздің жеті қаласын қамтиды. Ұсынылған барлық автомобиль Қазақстан нарығының жағдайына бейімделген. Көліктерге зауыттық кепілдік беріледі және түпнұсқа қосалқы бөлшектер қолжетімді болады.

Бастапқы модельдер қатарында Volkswagen-нің төрт моделі – Bora, Passat, Tayron және Talagon, сондай-ақ Jetta-ның үш моделі – VA7, VS7 және VS8 бар. Jetta модельдері нарықтағы ұсынысты қолжетімді баға сегментінде толықтырады.

Седандар қатарында қалалық Volkswagen Bora және бизнес-класс Volkswagen Passat ұсынылады. Bora моделі 12 900 000 теңгеден басталатын бағамен Trendline және Comfortline жинақтамаларында қолжетімді болады. Автомобиль 160 ат күшіне ие 1.5 TSI қозғалтқышымен және жеті сатылы DSG трансмиссиямен жабдықталған. Ал Comfortline нұсқасында тоғыз қауіпсіздік жастығы және жүргізушіге көмектесетін кеңейтілген электронды жүйелер кешені қарастырылған. Passat моделі 19 000 000 теңгеден басталатын бағамен Comfortline және Highline жинақтамаларында ұсынылады. Седан 220 ат күшіне ие 2.0 TSI қозғалтқышымен, IQ.Light матрицалық фараларымен және диагоналі 15 дюймдік орталық экранмен жабдықталған. Ал Highline жинақтамасында алдыңғы және артқы жолаушыларға массаж функциясы қарастырылған.

Volkswagen кроссоверлерінің қатарында отбасылық Tayron және толық өлшемді флагмандық Talagon бар. Tayron моделі 16 990 000 теңгеден басталатын бағамен Comfortline, R-Line және R-Line Plus жинақтамаларында ұсынылады. Барлық нұсқасы 220 ат күшіне ие 2.0 TSI қозғалтқышымен және жеті сатылы DSG трансмиссиямен жабдықталған. Ал R-Line және R-Line Plus нұсқаларында 4MOTION толық жетекті жүйесі қарастырылған. Talagon моделі 25 630 000 теңгеден басталатын бағамен Comfortline және R-Line жинақтамаларында қолжетімді болады. Ұзындығы бес метрден асатын кроссовер 272 ат күшіне ие 2.0 TSI қозғалтқышымен және толық жетекті жүйемен жабдықталған. Ал жеті немесе алты орындық салон нұсқасын таңдау отбасының қажеттілігіне қарай көліктің қолайлы конфигурациясын таңдауға мүмкіндік береді.

Jetta VA7 моделі 8 990 000 теңгеден басталатын бағамен Trendline, Comfortline және Highline жинақтамаларында ұсынылады. Седан 150 ат күшіне ие 1.4 TSI қозғалтқышымен, жеті сатылы DSG трансмиссиямен, алты қауіпсіздік жастығымен және диагоналі 12,9 дюймдік мультимедиялық экранмен жабдықталған.

Jetta VS7 және VS8 кроссоверлері Comfortline және Highline жинақтамаларында ұсынылады. Екі модель де 150 ат күшіне ие 1.4 TSI қозғалтқышымен және алты сатылы Aisin автоматты трансмиссиямен жабдықталған. VS7 моделі 9 850 000 теңгеден басталатын бағамен ұсынылады. Оның Comfortline жинақтамасының өзінде панорамалық люк пен жан-жақты шолу камералары бар. Ал Highline нұсқасында адаптивті круиз-бақылау және Front Assist жүйесі қарастырылған. Флагмандық VS8 моделі 11 000 000 теңгеден басталатын бағамен сатылады. Ол диагоналі 14,6 дюймдік орталық экранмен және электронды көмекші жүйелер кешенімен жабдықталған. Кроссовердің жүксалғышының көлемі 654 литрді құрайды.

Қазақстан нарығына арналған барлық Volkswagen және Jetta автомобильдері Volkswagen-нің жаһандық өндірістік жүйесіне кіріктірілген, жоғары технологиялық FAW-Volkswagen өндіріс алаңдарында шығарылады. Бірыңғай өндірістік стандарттар компоненттерді таңдаудан және жеткізушілермен жұмыс істеуден бастап, автомобильді құрастыру мен дайын көлікті соңғы тексеруге дейінгі бүкіл өндірістік циклді қамтиды. Жеткізушілердің сапасы мен өндірістік процестердің тұрақтылығына қосымша бағалау Formel Q жүйесі арқылы жүргізіледі. Бұл – Volkswagen Group корпоративтік талаптары мен аудит рәсімдерінің кешені.

«Орталық Азия Volkswagen-нің жаһандық экспорттық стратегиясында маңызды орын алады, ал Қазақстанның қарқынды өсу әлеуеті елді брендтің ұзақмерзімді қатысуы үшін тиімді бағытқа айналдырады. Неміс инженериясының уақытпен дәлелденген мәртебесін, жаһандық өндірістік жүйеміздің инновациясымен, икемділігімен және өнеркәсіптік әлеуетімен ұштастыра отырып, Volkswagen мен Jetta-ның жаңа модельдер қатары қазақстандық сатып алушыларға жергілікті нарықтың сұранысын ескере отырып жоғары сапаны, заманауи технологиялар мен тиімді бағаны ұсынады. Автомобильдеріміз қай елде өндірілсе де, Volkswagen үшін ең бастысы – қауіпсіздік, сапа мен сенімділік. Бұл талаптардан біз ешқашан айнымаймыз. Әрбір модель 8 мыңнан астам инженерлік стандартқа сәйкес келеді және 2,5 мыңнан астам қатаң сынақтан өтеді. Бұл сынақтар барысында автомобильдер төтенше климаттық және жол жағдайлары имитацияланған шекті режимдерде, сондай-ақ күнделікті пайдалану сценарийлерінде тексеріледі», – деді Volkswagen Brand China бас директоры, доктор Роберт Цисек.

Volkswagen-нің бірыңғай талаптары іс жүзінде автомобильдердегі белсенді және пассивті қауіпсіздік жүйелерінен көрінеді. Модель мен жинақтамаға қарай көліктер 10 қауіпсіздік жастығына дейін, жаяу жүргіншілерді, велосипедшілерді және самокат пайдаланушыларын анықтайтын шұғыл тежеу жүйелерімен, жан-жақты шолу камераларымен және бейімделгіш жарықдиодты оптикасымен жабдықталады.

Күштік агрегаттар мен көлік конструкциясының сенімділігі арнайы стендтерде, жолда және түрлі климаттық жағдайларда жүргізілетін сынақтар арқылы тексеріледі. Қозғалтқыштар мен трансмиссиялары 28 450 сағатқа дейінгі ресурстық сынақтан өтеді. Аспа элементтері мен қосалқы рамалар 300 мың шақырымға дейінгі жүктемеге төтеп беру жағдайында сыналады. Ал таулы аймақтарда, ыстық және төмен температура жағдайында өткізілетін климаттық сынақтардың жиынтық жүрісі 1 млн шақырымнан асады.

Volkswagen-нің бірыңғай талаптары автомобиль өндірісімен ғана шектелмейді. Бұл тәсіл брендтердің нарықтағы жұмысының барлық кезеңіне – сату мен техникалық қызмет көрсетуден бастап, мамандарды даярлау және клиенттерге сатудан кейінгі қызмет көрсетуге дейін қолданылады. Алғашқы кезеңде Қазақстандағы Volkswagen және Jetta ресми дилерлік желісіне елдің жеті қаласындағы сегіз орталық кіреді. Оның екеуі Алматыда орналасады. Қалған орталықтар Астана, Шымкент, Қостанай, Орал, Ақтау және Атырау қалаларында жұмыс істейді. Барлық орталық Volkswagen-нің сатуды ұйымдастыру, техникалық қызмет көрсету және клиенттерге қызмет көрсету сапасына қойылатын талаптарына сәйкес жұмыс істейді.

«Orbis Auto үшін Қазақстанда ресми іске қосу – бұл жай ғана сатылымды қайта бастау емес, Volkswagen брендінің Қазақстандағы ұзақмерзімді жұмысына жасалған инвестиция. Біз ең басынан бастап клиентке жан-жақты қолдау көрсететін толыққанды инфрақұрылым қалыптастырып жатырмыз: ресми дилерлік және сервистік орталықтар, түпнұсқа қосалқы бөлшектерді жеткізу жүйесі және білікті мамандардан құралған команда. Біз үшін іске қосу ауқымы модельдер мен қалалардың санымен ғана өлшенбейді. Ең бастысы – автомобильді иеленудің барлық кезеңінде қызмет көрсетудің бірыңғай жоғары деңгейін қамтамасыз ету. Клиент ресми Volkswagen қолдауын көлікті сатып алған сәтте ғана емес, арада бірнеше жыл өткеннен кейін де сезінуі біз үшін маңызды», – деді Orbis Auto автомобильдер тобының бас директоры Динара Искакова.

Дилерлік және сервистік инфрақұрылымды дамытумен қоса, ресми іске қосуға дайындық барысында автомобильдерді Қазақстандағы пайдалану жағдайына бейімдеуге ерекше назар аударылды. Volkswagen мен Orbis Auto модельдер мен жинақтамаларды таңдаған кезде қазақстандық сатып алушылардың қажеттіліктерін, елдің климаттық ерекшеліктерін, жол жағдайын және автомобильдерді пайдаланудың ең жиі кездесетін сценарийлерін ескерді.

Автомобильдердің жинақтамасын әзірлеу кезінде климаттық жабдықтарға және электронды жүйелерге ерекше көңіл бөлінді. Көлікте алдыңғы және артқы жағы жылытылатын қабылдағыш пен руль, сондай-ақ радиосигнал сапасын арттыру үшін қосымша FM-антенналар орнатылған. Барлық жеті модель Қазақстан аумағында ресми сатуға қажетті сертификаттаудан өтті.

«Модельдердің бастапқы қатарын қалыптастыру кезінде біз Қазақстандағы автомобильдерді пайдаланудың нақты жағдайларын негізге алдық. Бұл – қала ішіндегі күнделікті сапарлардан бастап, ұзақ жол жүруге және температураның маусымдық өзгерістеріне дейінгі жағдайлар. Сондықтан біз әр модельге деген сұранысты ғана емес, оның жинақтамасын, техникалық дайындығын және кейінгі қызмет көрсету мүмкіндіктерін де ескердік. Қазақстандық сатып алушы жергілікті жағдайға бейімделген, зауыттық кепілдігі бар, кәсіби сервистік қызметпен және түпнұсқа қосалқы бөлшектермен қамтамасыз етілетін ресми автомобильге ие болады», – деді Қазақстандағы Volkswagen және Jetta дистрибуциясының директоры Роман Кузьмин.

Қазақстанға ресми түрде жеткізілетін барлық Volkswagen және Jetta модельдеріне үш жыл немесе 100 мың шақырым жүріске дейін зауыттық кепілдік беріледі. Кепілдік мерзімі немесе жүріс көрсеткіші қайсысы бұрын аяқталса, сол бойынша есептеледі. Автомобильдердің шанағы бірнеше кезеңнен тұратын коррозияға қарсы өңдеуден өтеді. Оның ішінде мырыштау, 360° бұру арқылы батырып өңдеу әдісімен катафорездік жабын жағу және жасырын қуыстарды балауыз негізіндегі құрамдармен өңдеу қарастырылған. Барлық модельдің лак-бояу жабынына үш жыл кепілдік беріледі. Тот басып, металлды тесіп өтетін коррозияға берілетін кепілдік мерзімі: Jetta VA7, VS7 және VS8-ге – 3 жыл; Volkswagen Bora және Tayron-ға – 6 жыл; Volkswagen Passat және Talagon-ға – 12 жыл. 

Қазақстандағы ресми іске қосылу Volkswagen және Jetta брендтерінің елдегі ұзақмерзімді дамуының жаңа кезеңін бастайды. 2030 жылға қарай Orbis Auto брендтердің ресми дилерлік желісін 22 орталыққа дейін кеңейтуді жоспарлап отыр. Алдағы жоспарларға сервистік инфрақұрылымды дамыту, түпнұсқа қосалқы бөлшектерді тұрақты жеткізуді қамтамасыз ету, мамандарды даярлау және қазақстандық нарықтың сұранысын ескере отырып, модельдер қатарын кезең-кезеңімен кеңейту кіреді.

Поставьте лайк публикации или поделитесь ею в социальных сетях!

Заметили ошЫбку или мертвую/неактивную ссылку?

Выделите проблемный фрагмент мышкой и нажмите CTRL+ENTER. В появившемся окне опишите проблему и отправьте уведомление Администрации ресурса.

Похожие статьи

Комментарии (0)

Оставить комментарий

Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.