Шығыс Қазақстан облысындағы Боран ауылының мектеп оқушылары оқуға және жеке жобаларын жүзеге асыруға арналған 35 ноутбукке ие болды. Техника inDrive компаниясы мен «+1» қорының ынтымақтастығы аясында табысталды.
«+1» қайырымдылық қоры Қазақстан өңірлеріндегі балалар мен жастарға цифрлық ресурстар мен оқу үшін қажетті техникаға қол жеткізуін қамтамасыз етіп, цифрлық теңсіздікті еңсеруге көмектеседі. Қордың қызметі inDrive компаниясының басты миссиясымен – әділетсіздікпен күресу қағидатымен үндес. Қормен танысқаннан кейін inDrive кеңсесінен мектеп оқушыларына ноутбуктерді беру идеясы туындады.
inDrive саясатына сәйкес, компания қызметкерлерінің жұмыс техникасын тұрақты түрде жаңартып отырады және белгілі бір формалды себептерге (пайдалану мерзімі 3 жылдан асуы, елеусіз ақаулар, қызметкердің жұмыстан кетуі...) байланысты қымбат жабдықтарды есептен шығарады. Алайда мұндай жабдықтар толық жұмыс істеп тұрады және әлі де көптеген жылдар бойы қызмет ете алады. Осындай бастаманың арқасында технологиялық жабдықтар екінші өмірге ие болып, Қазақстанның шалғай өңірлеріндегі мектеп оқушыларына пайдасын тигізе алады.
Әр ноутбук оқушыларға inDrive бренді бейнеленген рюкзакпен бірге табысталды. Жаңа оқу жылынан бастап балалар бұл техниканы білім алу, өз жобаларымен жұмыс істеу және жаңа дағдыларды дамыту үшін пайдалана алады.
Боран ауылы Шығыс Қазақстан облысының шалғай аудандарының бірінде орналасқан. Қор өкілдерінің айтуынша, бұл аудан үшін мұндай қайырымдылық көмегі алғаш рет көрсетіліп отыр. Қор жергілікті балалардың ірі қалалардағы құрдастарымен тең дәрежеде даму мүмкіндіктеріне ие болуы үшін белсенді жұмыс жүргізіп келеді.
