Novo Nordisk компаниясы өзінің дамуындағы жаңа кезеңнің басталғанын хабарлады. Ауқымды трансформация аясында фармацевтикалық алып «Берік денсаулық қазірден басталады» ұранымен жаңартылған брендті таныстырды, Novo бірыңғай коммерциялық атауына көшті, сондай-ақ The Novo Way («Novo жолы») жаңартылған корпоративтік мәдениетін енгізді. Өзгерістер компанияның басты мақсатын жүзеге асыру - сапалы медициналық көмекті бұдан да көп адамға қолжетімді ету үшін жұмыс қарқынын, фокусы мен тиімділігін арттыруға бағытталған.
«Novo ғылымының орталығында әрқашан адам тұрды. Біз миллиондаған пациенттерге инновациялық шешімдер ұсына отырып, семіздік пен диабет сияқты ауыр созылмалы ауруларды емдеу тәсілдерін өзгерттік. Дегенмен, терапияға деген қанағаттандырылмаған қажеттілік әлі де зор, ал адамдардың денсаулық сақтау жүйесінен күтетін үміті өзгеруде, - деп атап өтті Novo президенті әрі бас атқарушы директоры Майк Дустдар. - Медицина жедел әрекет ететін, дербестелген және күнделікті өмірге оңай интеграцияланатын болуы тиіс. Біздің бренд пен мәдениетіміздің стратегиялық маңызы бар: олар операциялық процестеріміз бен бәсекелестік позицияларымызды нығайтады. Бұл ретте компанияның миссиясы өзгеріссіз қалады: біз адамдардың өмірін жақсы жаққа өзгерту және олардың денсаулығын дәл қазір сақтауға көмектесу мақсатымызға адалмыз».
Ребрендинг туралы
Жаңартылған тұжырымдаманың негізінде «Берік денсаулық қазірден басталады» идеясы жатыр: болашаққа деген қамқорлық адам бүгіннің өзінде сезіне алатын нақты өзгерістерден құралады.
Бірыңғай атау: Күнделікті коммуникацияда және серіктестермен өзара әрекеттесу кезінде компания Novo қысқа атауын қолданады. Компанияның заңды атауы - Novo Nordisk A/S - сақталады.
Компанияның тарихи символы - Апис қасиетті өгізі - сақталды, бірақ заманауи динамикалық сипатқа ие болды.
Ребрендинг компания бейнесін танымал етіп, адамдардың бүгінгі таңда өз денсаулығына деген көзқарасына сәйкестендіруге, сондай-ақ жаһандық қатысуын кеңейту барысында брендке деген сенімді нығайтуға бағытталған.
The Novo Way корпоративтік мәдениеті
The Novo Way қағидаттар жиынтығы компанияның ғасыр бойы қалыптасқан мықты тұстарын дамытады: серпінді ғылым, терең сараптама, адамдарға деген қамқорлық және пациенттердің қауіпсіздігіне деген айнымас басымдық. Сонымен бірге бұл жүйе жылдам өзгеретін нарықта көшбасшы болу үшін қажетті жаңа мінез-құлық үлгілерін айқындайды.
«The Novo Way» жүйесінің төрт тірегі:
- клиентке бағдарлану. Пациенттер мен тұтынушылар — компанияның барлық инновацияларының орталығында;
- бәсекеге қабілеттілік. Барлық мүдделі тараптар үшін максималды құндылық жасау мақсатында тиімділікті арттыру;
- нақтылық пен жеделдік. Түсінікті басымдықтар, процестерді оңтайландыру және батыл әрекеттер есебінен жұмыстың жоғары жылдамдығы;
- қамқорлық пен адалдық. Қызметкерлерге қамқорлық жасау, құрмет көрсету, этикалық нормалар мен пациенттердің қауіпсіздігін қатаң сақтау.
«Бренд пен мәдениет тығыз байланыста жұмыс істейді: мәдениет стратегияны қалай жүзеге асыратынымызды және ішкі өзара әрекеттестікті айқындаса, бренд қоғам алдындағы өнімдеріміздің құндылығын және компанияның әлемдегі имиджін қалыптастырады, — деп атап өтті Novo персоналын басқару, ұйымдастырушылық даму және корпоративтік байланыстар жөніндегі атқарушы вице-президенті Таня Саброе. - Жаңартылған мәдениет бізге шапшаң әрі мақсатты түрде әрекет етуге мүмкіндік береді, ал жаңа бренд барлық бағыттарда - дәрі-дәрмектерді әзірлеуден бастап маркетинг пен серіктестікке дейін жарқын қатысуымызды қамтамасыз етеді. Бұл бірлесе отырып біздің бәсекелестік артықшылықтарымызды және денсаулық сақтау саласындағы сенімді серіктес мәртебемізді нығайтады».
Novo жаңартылған корпоративтік стратегиясына толық шолу 21 қыркүйекте Лондонда өтетін Инвестор күнінде ұсынылады. Материалдар novonordisk.com сайтының Investor Relations бөлімінде қолжетімді болады.
Novo компаниясы туралы
Novo - берік денсаулық қазірден басталады деген сенімдегі халықаралық фармацевтикалық компания. Жүз жылдан астам уақыт бойы біз миллиондаған пациенттерге өмір сапасын жақсартуға көмектесетін препараттар мен шешімдерді жасай отырып, озық ғылыми тәжірибені адамдардың қажеттіліктерін терең түсінумен ұштастырып келеміз.
Компания штатында бүкіл әлем бойынша 67 000-нан астам қызметкер бар. Серіктестік бағдарламаларды жүзеге асыру және ғылыми әзірлемелерге инвестиция салу арқылы Novo аурулардың алдын алу, терапияның қолжетімділігін кеңейту және қоршаған ортаға тигізетін әсерді азайту бағытында жұмыс істейді.
Толық ақпарат novonordisk.com сайтында, сондай-ақ Instagram, LinkedIn, TikTok, Facebook, X (Twitter) және YouTube әлеуметтік желілерінде қолжетімді.